Махаббат, ғашықтық
Тән емес маған ұғымдар.
Мен ешкімді сүймеймін
О, адамдар, ұғыңдар!
***
Жатсам, тұрсам, жүрсем де,
Барлық ойым бір сөзде.
Махаббат, неге кірдің миыма?!
Онсыз-дағы бос орын жоқ мекенге.
***
Менің миым, менің басым,
Толып жатыр жауапсыз сұрақтарға
Сұрақтарға, шешімі қиын жауаптарға.
Сол үшін де
О, махаббат,
Бір өзіңнен өтінем
Құр бекерге миымды мазалама!
***
Сен дерт екенсің,
Асқынған сен қауіпсің.
Талай жанды еріксіз
Өз торыңа алыпсың.
***
Сен екенсің емделмейтін ауру,
Қиын екен бір өзіңнен оңайлықпен айығу.
Соқыр, ессіз болады екен адамдар,
Сен жабыссаң айықпайтын дерт болып
Жазыла да алмайды екен ол жандар.
***
Науқас болғым келмейді
Айықпас ауру жұқтырған.
Өтінемін, бір сенен
Сүйкенбей өтші қасымнан.
***
Жұмысым көп,
Басталған бірақ бітпеген.
Ауырсам, мен оны
Кім жасап бітіред(і)?
***
Жолама маған өтініш
Сенен, махаббат.
Керексіз жерге
Қадалма құр кенедей.
***
Қаламаймын мен сені,
Түсірмеші еңсемді.
Ауырытын сен сияқты аурумен
Соры құр(ы)ған науқас болғым келмейді.
***
Әлі де мен жаспын ғой, баламын ғой,
Түсінбейтін еш сені шаламын ғой.
Әйтеуір , бір өзіңмен ауырармын
Ем таба алмай еріксіз жабығармын.
Тіпті мұңмен қарармын айналама
Ал, әзірше
Махаббат,
Миымды менің мазалама....