Мені, сенің - жүрегің батыл етті
Өмірғой бүгін қайғы ертең күлкі
Мезгілдің көктемі емес күзіндемін
Қаламаймын арамыздың үзілгенін
Адалдық төзім сабыр сезім болып
Қалаймын шын маxаббат түзілгенін
Мен сені құмырада гүл демеймін
Бағынбайтын асу бермес шың демеймін
Аялаймын аймалап ай астында
Ардақтаймын төмен көріп құл демеймін
Саған Ботам жалынбаймын жағынбаймын
Алла алдында басқаға бағынбаймын
Алабұртқан ақ сезім тулап жатыр
Қалқам сенен басқаны сағынбаймын
Өмірғой бүгін қайғы ертең күлкі
Асылғой сүйген жанның іші сырты
Сүйе алатын сүйкімді жүрек барда
Сейлсе екен тұманданған көңіл бұлты
Қайтейін мына өмір жалған екен
Біреуге біреу келіп арман екен
Ғашықтығын қалай ғана білдірем деп
шомылып отыр ботаң ойға ботен
Мен бүгін тағы сендеп жыр жазамын
Тынымыңды алсамда тыңда жаным
Бүгінгінің тауық сезім жаны емеспін
Сезінгейсің жүректе тұнба барын
Сен деп тұр қазыр менің сағаттарым
Басқаға бойым балқып жақ ашпадым
Иә, жаным жақсы ғой деп алдай салма
Әр-бір сенің алтын маған жауаптарың
Сен кім едің Ләйлімедің, Жібекпедің,
Кетпейді естен, көңілдерге гүл еккенің
Қанша жандар қалай деп түсінседе
Ұқсамайды-ау басқаға жүректегің
Қалай жетер жүрегіңе жүректегі үн
Сүю үшін жаратылған жүрек- сезім
Өн бойыма жылулық силайтындай
Тәттім менің, сенің кеп бір өбкенің
Біздер қалқам екіге бөлінбелік
Тұрғанда адал сезім, сенім берік
Экраннан минуттап көретұғын
Тұра берші қалқатай фоным болып
Мені, сенің - жүрегің батыл етті
Ұмыттырып қайғы мен қасыретті
Қасыретті көрсетпейін десең маған
Қайтарып тұр қалқатай ответті