МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...

МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...
жеке
блог
  • Жанарымнан моншақ құлатып, 
    Көңілімді үнсіз ғана жұбатып, 
    МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...
    Шаттыққа бөленіп жүре алмай, 
    Үкілеген үмітті үзе алмай, 
    МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...
    Өткеніме қимай көз салып,
    Болашағыма баяу қозғалып, 
    МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...
    Ішімде бірдене ұлардай ұлып, 
    Сенделгенде, əлім құрып, 
    МЕН СЕНІ САҒЫНАМЫН...
    Сезіміме құрсау сала алмай, 
    Ғашықтықтан басымды ала алмай, 
    МЕН  СЕНІ  САҒЫНАМЫН...
    Жарқылдап күле алмай, 
    Жадырап жүре алмай, 
    МЕН  СЕНІ  САҒЫНАМЫН...
    Санама  салмақты бір  ой салып, 
    Сағына күткен арманды ойға алып ,
    МЕН  СЕНІ  САҒЫНАМЫН...
    Көзімнен аққан жас елжіретіп,
    Көңілсіздік орамалын желбіретіп, 
    МЕН  СЕНІ  САҒЫНАМЫН...
     
    ⊙Авторы :Əйгерім  Шерияздан