Сырлассам жүрек үнімен,
Жанымды жұбатар өлең.
Көзімді жұмсамда, мейлі,
Жаным-ау өзіңді көрем!
Білемін, сенбейсің мүмкін
Азайып барады күлкім!
Жүрегім қалап-ақ тұрған
Бақытты сыйласаң, шіркін!
Жанымның жұбанышы өзің,
Көзімнің мұңдары да өзің.
Жүректе бүр жарып шыққан
Тек саған арналды сезім!
Қарсы алып таңдарды ұйқысыз
Күндерім өтуде өзіңсіз.
Кеш болса жүрек сыздап бір
Өзіңді сағынам үнсіз!
Жүрегім соғуда әрең,
Сөйтсе де, сезімім терең.
Сағыныш сыйға арнаған
Мұңдармен күресіп келем!
Ақ парақ, қара сыямен
Шимайлап жазамын өлең.
Жүректің бақытын білсең
Жаным-ау өзіңнен көрем!
Дәл мені жаныңа білем,
Жолатқын келмейді мүлдем!
Сен меннен алыстай бергін
Мен сені сағына берем!
Жүрсің сен ұмытар деумен,
Мен жүрмін ұғынар деумен!
Сен мені сағынба мүлде
Мен сені сағына берем!
Ия, мен сағына берем,
Өтсемде тіпті өмірден!
Ар жақтан күтіп аламын
Пәк-адал сезімімменен!
Өзіңді сағына береееем!!!
Уалиханұлы Батыл!
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e