Бір қыз жайлы сөз қозғағым келіп отыр.Ол қыз мен үшін өте қымбат жандардың бірі. Ол менің "виртуалды" жан құрбым десек те болады,себебі шынайы өмірде "привет,қалайсың"-нан аспайды әңгімеміз. Танысқанымыз ба? Есімде,әрине есімде!5-ші сынып оқып жүрген кез.Бастауышты бітіріп,өзінше өзімізді үлкен жігіт сезініп жүрген кезіміз.Бір кезде ең жақын досым: "Самат,жүрші,әдемі қызды көрсетем",деді де мені асығыс бір жерге алып кетті,қателеспесем ағылшын кабинеті.Жаңағы қызды көрдім,аса мән бере қоймадым,ааа жарайды дедім де жүріп кеттім.Сосын біраз уақыт өте келе,жаңағы қызды сооол кездегі жарықтық "Мой Мир"-ден көріп қалдым да,біраз уақыт ойланып отырдым,кішкентай болғанымнан ба,әлде қазіргі тілмен айтқанда "Любовь с первого взгляда" болды ғой деймін,сол көрші сыныптың қызына өзімше ғашық болып жүрдім.Бірааақ тіл табысуымыз оңай бола қоймады.Иә,әрине кім жақтырсын,күнде артынан қалмай мазасын ала берсе,үйіне дейін аңдып-тиісіп барғанды әдетке айналдырып алдық досым екеуміз. Подъездінің алдындағы качеляда досым екеуміз отырып терезесіне қарап тұратын күндер менің әлі де есімде. Сосын не керек,сол қыз оқитын сыныпқа мамамнан жылап-сықтап жүріп сұранып көшіп алдым,өзімше ризамын,сабақ бойы сол үшінші қатардың екінші партасына қараудан жалықпайтынмын. Сөйлеспесек те,сәлемдеспесек те әйтеуір сол қызға қараудың өзі,тіпті бір сыныпта отырғанның өзі мен үшін бір ерекше бақыт болды. Біраз жылдар өтті,есейдік,ес кірді,жаңағы қыз да бой жетті,мен де өзімше ер жеттім деп қоям,қылықтарым әлі кішкене баланікі болса да.Бұрын мені жек көретін қыз,қазір менің қыздардың ішіндегі ең жақын досым.Бар сырымды соған ғана ақтара аламын,менің бір құпиям сол қыздың жүрегінде жатыр,себебі маған рухани көмек керек болған кезде сол қыз жанымнан табылды,өзінің ақыл-кеңестерін айтты. Мұның бәрі тамаша әрине,бірақ менің ең бір қынжылатын жерім ол біздің әлі де "виртуалды жақын дос" екеніміз,ал шын өмірде отырып бір достар секілді сөйлесе алмағанымыз... Мына сөздердің біреуін жаңағы қыздың бетіне айта алмайтыным...Менің ұяңдығым... Оның тәкаппарлығы... Бәрі бәрі өкінішті... Маған бір нәрсені ғана түсінсең жетеді... Сендей жанның менің өмірімде кездеспейтіні хақ,кездессе де сол балалық пәктік,балалық махаббат,шынайылықтың кездесетіні екіталай... Мен сені өте қатты бағалаймын..