Мектептегі бір күнім: Ғашықтық хаттар (Байқауға)

Сынып бөлмесі.Оқу жаңадан басталған. Көрші сыныпқа Аршад деген қыз келіпті қаладағы №15 мектептен.  Сыныптың серілері таныспақ боп әлде кімді іздеп не болмаса, қаламсап іздеп әйтеуір бір сылтау тауып сыныпқа кірді. Біздің сыныпта 8 ұл, 5 қыз. Ал ана сыныпта Аршадпен 9 қыз, 3 ұл. Тимур деген  досымыз бар тұғын шын есімі Темір.  Өзі бой сымбаты келіскен, спортқа құмар жігіт болатын. Сыныпқа кіргеннен Аршадты аузынан тастамайды.  Мен оның ғашық екенін сезсем де, үн демедім. Бір күні Тиму менің өлең шығаратынымды біледі ғой... Нұреке өлең дәптеріңді бере  тұршы  әдеби кітап оқымасым да болашақ жазылатын кітаптың өлеңдерін оқиын... Көңілденіп бере салдым. Досым ғой. Апта жүзі өтіп барады... дәптерде 40-ақ өлең оқып болатын кез болды ғой... өзім сұрауға ұялдым тағы. Әкеп беретін шығар деп жүре бердім... Сабақ өтіп жатқанбыз. Тимур бірдеңе жазып отыр... Қой десе де қоймады. Ұстаз әкел анау парағыңды дегенде бір парқты тез менің сөмкеме салып машинаның суреті салынған парақты апайға бере салды. Соңғы сабақ. Үйге кеп кітаптарымды шығарсм, әлгі парқ әлі тұр екен. Қап, Тимурдың ессінен шығып кетіпті неге менің ойыымда бролмаған? Соншама 45 минут бойы не жазды екен деп ашсам, Құдай-ау менің " Бейтаныс аруға хат" деген өлеңім. Аң-таңмын...Жиегін жүректермен әрлеген тағы. Астында қос жүректе "Тимур +А" деген жазу содан соң көп қос нүкте. Әәәә бәлем, ұсталдың ба, менің өлеңімді Аршадқа өзі шығарғандай етіп хат жазыпты ғой...Сабаққа келдім. Тимур кешегі парғың деп енді ұсына бергенде, Керемет деген сәл шошақай қыз қолымыздан жұлып алып, тақтада тұрып сыныптағы балалардың бәріне оқып берді... Тиму ғашық, кімге ғашық ол деген сұрақтар жиілей бастады. Парақты қайтар десе де қайтармай мыжып алып сыртқа жүгіре жөнелді... Қыздар у-шу... Ал біреуі тақтаға Тимур +А жалғастыр деп жазып қойыпты, оны жалғастыратын несі бар, Аршад демесің бе деп біреуі ырбың ете қалды. Үзілісте  сырқа шығып отырғанмын. Тим келіп жаныма, дос ренжімеші сенің өлеңіңді Аршадқа хат қылып жазып жүрмін... байқаған боларсың? Иә! Мен Аршадқа ғашықпын... Сенен басқа ешкім білмесінші.. Енді кеш... сынып білді ертең мектеп біледі. Қап ұят болды.  Құрысыншы бәрі...  Ғашық болсам ғашықпын де, онда тұрған не әбестік бар? Бәрінің жүрегі бар ғой... Содан бастап  Тимур Аршадқа ғашық... ал мен хат жазушы күнде бір бала келіп Нұрлыхаааннн... өлең жазып берші деп келіп тұрады. Соңында мектеп білді... жазу үлгім меніңкі болған соң апай-ағайлар мені ғашық деп ойлап, жаазған өлеідерім үшін жиналысқа салды... Содан  бастап хат жазып көрмедім. Мүмкін ғашық болсам жазар ма едім, кім білсін? Басыңыздан өткен қызықты Махаббат хикаяларын пікірге жазыңыз... балалық шақақ Массагетпен аттанайық!

 

Т.С.Т Сүт ішкен құтылды, қаспағын жеген тұтылды!



Бөлісу: