Маxаббаттың 10 құпиясы

Шынайы маxаббаттың алғашқы құпиясы -ой қуаттылығы.Маxаббат ойлаудан басталады.Біз нені ойласақ ,соған айналамыз.Жақсы ой айналамызға көзқарасымызды түзейді.

Ал екінші құпия- құрмет.Ең алғаш біреуді жақсы көрмей тұрып,оны сыйлауды үйреніңіз.Ол үшін ең алдымен өзіңді сыйлап үйрену керек.
Келесісі- мейірімділік. Айналаңа жылулық, қуаныш сыйлаған сайын,сен соншалықты мейірімділікті аласың.Мен осы қарым-қатынастан не аламын емес,не бере аламын деген ойды жиі еске алыңыз. 
Төртінші құпия- еркіндік.Егер біреуді жақсы көрсеңіз, жұбыңызды әрдайым еркіндікке ұстаңыз.Жақсы көруді үйренгің келсе,алдымен кешіру мен өткен өкініш мен қателіктерден арылу қажет.
Келесі күш-сезіну күші. Адам жүрегін жылытып, жанға жылулық сыйлауды үйрену керек.
Алтыншы- достық.Нағыз маxаббатты жолықтыру үшін нағыз дос таба біліңіз.Маxаббат бір-біріне қарау емес, бір бағытқа бірге қарау.
Жетінші- араласа білу.Адамдармен ашық араласу керек. Әрдайым адамды құрметтейтініңізді және жақсы көретініңізді айтудан қорықпаңыз.
Сегізінші-адалдық.Шынайы маxаббат болу үшін, ойыңыз бен ісіңізге адал болуыңыз керек.
Тоғызыншы құпия-құштарлық күші.Оның өміріне қызығушылық танытып, тосынсый дайындап,оған күлкі сыйлаңыз.
Және соңғысы-сенім күші.Егер сенім болмаса, адамды жақсы көру мүмкін емес.Ең ерекше күш сенімділік екенін ұмытпаңыз. Барлығына шынайы сезімдер мен ғұмырлы маxаббат тілеймін.Бұл құпияларды белгілі жазушы Адам Дж.Джексонның кітабынан оқыған болатынмын.


Бөлісу: