Мартин иден

Мартин иден
жеке
блог

Мартин Иден-америкалық жазушы Джек Лондонның автобиографиялық романы.Роман алғаш рет Пасифик

Мансли журналында басылды.Ал 1909 жылы Макмиллиан Компании баспаханасынан жеке кітап болып

шығады.Көп тұсы автобиографиялық бұл романның өн бойында жазушының тұлғасы,оның дүниені

қабылдауы,шығармашылық туралы ойлары,жазушы еңбегін түсінуі әдемі де әсерлі әрі жарқын көрініс

табады.Роман шын мәнісінде ,жазушы үшін өмір кітабы болып шықты.Лондон ерен еңбектің арқасында

жазушылық даңқтың шырқау шыңына көтерілген қарапайым теңізшінің тарихына өз өмірінің көп сәттерін

баяндап байыппен жазған.Роман теңізде туып өскен сауат көзін ашпаған Моряктың көше төбелесінде бай

әулет- Морздардың ұлы Артурды құтқарып қалған Мартин Иденнің осы отбасының ортасына келуімен

басталады.Қаратабан оған мұндағылардың бәрі нәзіктік пен сезімталдықтың,жоғары мәдентеттілік

үлгісіндей болып көрінеді.Жаңам ортада өзін-өзі ұстай алмай әлек болады.Ал,осы үйде танысқан

Артурдың қарындасы Руфьті сұлулықтың,мына күнәхар дүниенің пешенесіне лайық емес таза,ғажайып

әлемнің бейнесіндей сезінген.Осы сезімнің жетегінде кеткен ол қалайда Руфьке лайық болуды мақсат

тұтады.Өзін мынандай текті ортада ұстауды қыр-сырын үйренеді.Алайда,Рофьтің қалауы басқа

болды.Ол өзіне сай бай дәулетті жігітке тұрмысқа шығады.Моряк қаламы ұшқыр жазушы болып

қалады.Ұйқысын 5 сағатқа азай әдебиет әлеміне бет бұрады.