Бүгінгі демалыс күнімді қызықты бір күндік кино көрумен өткіздім!Кинотеатрсыз үйде көгілдір теледидар алдында,диванның үстінде жылы көрпеге оранып ыстық кофемді жаныма алып дискіден өзім рекламадан көріп қызығып міндетті түрде көрем деп ойлаған өзбек киносы,бірақ сол күні тойда болып жіберіп алған болатынмын,енді қайта теледен қашан жібереді деп күтіп жүргенше дискісін сатып алдым, youtubeден көруге болатын бірақ сіздерге белгілі сәл көре бастағанда интернет ұстамай қалатыны одан қалса ортадағы рекламаларын айтпасада белгілі керемет көңіл күймен келіп көрейін деп отырған киноңды енді көрместей болып кетесінғо сол жерде, сондықтан бірде бір рекламасыз және қатусыз дискіден көруді жөн көрдім.
Иә, содан сіздерге көрген өте қызықты әрі мағыналы киномды сіздерге барынша қызықты етіп есімде қалағанымен барынша әдемілеп көркемдеп жеткізіп көрейін, мүмкін көргендеріңіз бар шығар араларыңызда,көрмегендер болса тауып көруге кеңес беремін өте қызықты! Сонымен бастайын:
Мелодрама
Өзбекстан, 2014 жыл
Үш достың бірі – ақылды, екіншісі – өте бай, ал, үшіншісі – қарыны тойғанына мәз болып, қайғы-мұңсыз күн өткізетін жан. Таңқаларлығы сол, үшеуі де бір қызға ғашық болып, өзіне қаратып алғысы келеді. Сөйтіп, өмірдің небір сынағынан өтеді. Ал, ажарына ақылы сай сұлудың әрбір әрекеті оларға ащы сабақ болады.
Рөлдерде: Мирзабек Холмедов, Жумадилла Раметов, Нодира Махмудова
Иә, бұл киноның қысқаша ғана мазмұны ал мен өзім көргенім бойынша баяндаймын.
Махаббатын іздеген үшеу
Жас әрі әдемі сәнді киінген үш бозбала жігіттер бір бірін соғып төбелес жатады! Төбелестерінің өзі комедия сияқты көрінді, әбден күлген шығармын Содан үшеуі төбелесіп жатады, ішінен біреуінің монолог сөзі басталады! Ол былай айтылады: Негізгі біз бір-бірімізге дұшпан емес ,ең жақын достар болдық , бірақ қазір дұшпан болдық, сіздерге басынан бәрін түсіндіріп берейін! Ол былай басталды деп, монолог жалғасады әрі қарай басқа кадрлар көрсетіле береді! Біз үшеуміз лицийді аяқтап жоғары оқу орынына емтихан тапсырдық, біздің оқуға түсуміз былай іске асты, менің бірінші досым өте ақылды ол оқуға өз біліммен грантпен түсті, ал екінші досым болса ол өте бай оқуға ол өз ақшасамын түсті,ал менің деп айта бастағанда кадр сөйлеп жатқан актердің өзін көрсетеді парта үстінде басын салып емтиханда ұйықтап отырған сәтін көрсетеді және сөйлем жалғасады, ал менің ақылымда ақшамда жоқ, бірақ өте ақылды досым бар осылайша менің орыныма сұрақтарға досым жауап беріп үшеумізде жоғары орынына да оқуға түстік! Содан оны үшеуміз ата аналарымызға хабарладық, сол сәттер болады өте күлкілі сол жерлеріде комедия әсіресе қандай мамандық кім боласың деп сұраған жері қаз досымнан сұрап келейін.
Содан кино жалғаса береді бай досы машина сатып алады оны екі досы тамашалап үшеуі бірге жолда қыдырып неше түрлі өте қызықты сәттер болады, қысқартып айтайын одан басқа ұзақ болып кетеді.Содан үшеуі бір мейрамханаға барып махаббат, үйлену туралы әңгіме дүкен құрып отырады, содан бір-бірінен сүйген қыздары бар жоғы туралы сұрап, үшеуі бір біріне сүйген қыздарының суретін көрсетпек болады. Содан үшеуі қалталарынан ортаға қыздарының суретін қояды. Міне, қызықтың көкесі енді басталды. Суреттегі үш қызда бір қыз болып шығады, міне қызық үшеуінің жақсы көретін қыздары бір қыз болғанына басында қатты таңғалып, одан кейін қызға талас басталып кетеді. Содан үшеуі қызға әртүрлі уақытты таңдап сезімізді білдіреміз қыз кімді таңдаса сонымен қалады және бір бірімізге кедергі жасамаймыз деп келіседі! Содан ақылды таңертеңгі уақытты, ал бай түскі уақытты, ал ақымақ кешкі уақытты таңдайды. Содан бастап олар қыз үшін барлығын жасайды, кинода неше түрлі қызықты сәттер бола бастайды ырғақты әуенде тамаша әрі комедия қызға арнап үшеуі де әдемі билейді бар өнерлерін салады! Бірақ ақылды көрікті қыз үшеуінеде көңіл бұрып қарамайды, сондан олар қыздың өз уақыттарында телефонмен сөйлескенін, басқа жанмен кездесуге барғанын, байқап бірақ ол жанның кім екенін біле алмай, өз уақыттарын келіскендей жасамай бұзып жүр деп бір-бірінен күдіктеніп қызғанып үшеуіде ашулана бастайды!
Ал бұл ашудың соңғы туған күн кешінен кейінгі үшеуінің төбелесімен аяқталады! Төбелестен соң үшеуі дөңгеленіп жатып бір-бірінен қызды не себептен сүйетіндер сұрайды! Бірінші ақылды оны мен ақылы үшін сүйем деп айтып, нақты себептермен баяндап береді, қалған екі досы да осылай баяндап бай досы бай болғаны үшін дәрежеміз тең болғаны үшін десе, ақымақ көрікті сұлу болғаны үшін сүйем деп айтып және қыздан бас тартпайтынын айтып үш дос айырылып үш жаққа кетеді.Осылай кино жалғаса береді сәл бірнеше күн өткен соң ақылды дос екі досын шақырып алып егер үшеумізде болмасақ онда төртінші біреу бар деп айтады екеуі таңғалады! Содан сабақтан соң үшеуі қызды аңдымақ болады.Иә расында аңдып жүріп төртеуші біреу бар болып шығады. Қыз басқа бір жігітпен кездесіп жүреді.Үшеуіде қатты ашуланады, содан үшеуі кешке ғимараттың жоғары бөлігінде кездесіп әңгімелесіп тұрады.Бірінші ақылды мен ол жігіт туралы анықтадым оның түкте ақылы жоқ, ешқандай жоғары оқу орынын оқымаған көрінеді дейді,ал екінші бай болса менде анықтадым оның көк тиын ақшасы жоқ, бай емес дейді, үшінші ақымақ тұрып алып менде анықтадым оның мүлде көркі жоқ, сымбаты емес дейді! Үшеуі біраз ойланып қалады. Сосын айтады ақылы жоқ болса, бай болмаса, көрікті болмаса оны не үшін сүйеді деп ойланып қалады. Соңында үшеуі мұның жауабын қыздың өзінен сұрайтын болып шешеді! Қыз саябақта жігітімен кездесіп жүреді сол сәтте үшеуі барып олардың алдарына қатар тұрып алып қызға өзіндерінің оны сүйетіндерін айтып ал оны не үшін сүйетінін сұрайды! Қыз болса олардан өзін не үшін сүйетіндерін сұрайды? Олар ақылың ,байлығың,көркің деп жауап береді сосын өзінің сүйетін жігітінен сұрайды! Сонда ол жігіт былай жауап береді: Мені әлі саған сүйетінімді айтқан жоқпын ,бірақ қазір айтамын! Мен сені сүйемін!
Бірақ ақылың үшін емес,ақылды болғаның маған керек емес,ақымақ болсаңда сүйетін дедім, байлығыңда маңызды емес, көркің мені мүлде қызықтырмайды дейді, бастысы қарапайым мейірімді жүрегің сен дымсыз болсаңда мен өзіңді сүйетін дедім дейді де екеуіне бір біріне күле ерекеше қарап жігіттер мүмкін болса бізге рұқсат па деп сұрайды да жетектесіп кетіп қалады! Ал үш дос болса бұл оларға үлкен сабақ болады! Не айтарларын білмей орындарында тұрып ойланумен қалады!Киноның соңы үшеуінің батып бара жатқан күнге қатар бірге қатар қарап тұруымен және бастапқыда басталған жігіттің монологымен аяқталады! Ол былай айтады: Егерде сіз бір жанды ақылына,байлығына, көркіне қараймай ғашық болып сүйсеңіз міне бұл сезім нағыз махаббат деп аталады дейді!