Махаббаттың Мұзартын іздеу
жеке
блог
блог
Жүрегімді жалқы мұң тербеткенде,
Көңіл толқып кетеді, кеулеп кеуде.
Жанымды жауындайын жуып өтед(і),
Ащы жас кермектен де.
Қараған жан ұялар "келбетінен",
Сенім менен сезімде тербетілген.
Мен аңсағам қашаннан іздеу салып,
Таптырмайтын махаббат жер бетінен.
Бағынбай түлкі-заман, қасаң заңға,
Ұсақталмай келеді асаулар да.
Қыран екеш қаранның қанында бар,
Ұлылыққа ұмтылу қашаннан да.
Оның, әне, куәсі қиыр далам,
Арман қуған көңілдің күйін бағам.
Мен сондай махаббатты аңсағанмын,
Мың адамның біріне бұйырмаған.
Ол бақытқа жетеді азы ғана,
Бұл бес күндік толы ғой базынаға.
Жүрегіме жасырған бұл жырым да,
Тым қияли жанның бір назы ғана...