Махаббатпен көмектесіңіз

Ең алдымен, бұл "махаббат" деген сезімге ата-ананың баласына деген махаббаты кірмейді. Өйткені осындай махаббат қарсылықсыз, еш кіршіксіз, пәк махаббат. Менің айтқым келгенім, осындай таза махаббаттан басқа кез келген махаббат. Әсіресе ер мен қыздың арасындағы ғашықтар сезімі.


Көптеген әндерде, өлеңдерде, әңгімелерде және т.б. шығармашылық туындарында "жаралы жүрек" дегендей, махаббаттың кері әсерлерін көріп жатамыз. Махаббат сезімі бір жүзімді беріп, орнына жүз шапалақ ұратындай көрінеді. Сонда тіпті махаббаттың өте жаман сезімі екенін ойлап қалуға болады. Алайда, осы сезімді бұрыс қолданып, оның жаман екенің айтуға болмайды. Пышақты біреуді өлтіруге қолданған адамға қарап, пышақтын жаман екенін айтуымыз дұрыс емес. Осы жағдайда пышақтың жамандығы емес, оны бұрыс қолданған кінәлі.


Жаратушымыз бізге әр бір сезімімізді белгілі мақсатпен сыйға тартты. Қорқу сезімін өзімізге зиян келтіре алатын нәрселермен абай болуымыз үшін. Мысалы, жолдың арғы жағына өтіп бара жатқанда, жарақаттанып қалудан қорқуымыз бізді сақ болуға жетелейді. Бірақ қорқу сезімін дабырайтып, жолдың арғы жағына мүлдем өтуден бас тарту дұрыс емес. Олай болса, махаббат сезімі жан азабына жетелемейтіндей қандай болу керек? 

Ғашықтар арасындағы махаббат неге жанды ауыртатының түсінуіміз керек. Екі адам бір-бірін бірдей жақсы көруі мүмкін емес. Біреуі қаттырақ сүйеді (Қатты жалпылап айтқан болуым мүмкінмін. Бірақ көбінесе солай болады). Қатты сүйгені үшін көптеген нәрсені құрбан етуге дайын және сүйген адамнан да дәл сондай махаббатты күтеді. Бірақ сүйген адамның ондайға бара алмайтының көріп, қатты өкінеді. Тіпті жақсы көрген сайын осындай соққы ауырлай түседі. Осыған дәлел ретінде барлығымыздың естіген "безответная любовь" ұғымы. Бірақ бақытты өмір сүріп жатқандарға да көзімізді жұмуға болмайды. Неліктен бірдей "махаббат" деген сезім кейде өз өзіне қол жұмсатуға апарады, ал кейде осы дүниедегі өмірді жұмаққа айналдырады? 


 

Маxаббатта қандай сара жолды ұстану керек?

 

Осы тақырыпқа байланысты пікірлеріңізді жазыңыз



Бөлісу: