Махаббатқа сенгім келеді...

Махаббатқа сенгім келеді...
жеке
блог

 

Түнгі сағат үш. Ұйқым ашылып кетті. Терезеге қарасам қар жауып тұр екен. Сол қызбен алғаш танысқан кездегідей жапалақтап жауған аппақ қар.

Кеуде тұсымда бір нәрсе шымыр ете түсті. Иә, бұл ескі естеліктер болатын. Ендеше бәрі қалай болып, қалай біткенін сізде тыңдаңыз...

Ол кезде желтоқсан айының ортасы болатын.Қар жапалақтап жауып тұр. Көшеде жүрген жұрттың бәрі мәз-мейрам. Олардың қуанышын түсінем. Алғашқы қар. Иә-иә, алғашқы қар. Мен туып өскен Қызылорда қаласында қар осылай кеш түсетін.

Сол қуанған көп жұрттың ішінде ол да, мен де болдым. Жарқын жүзді, ақ маңдай, қиылған қас, шиедей еріндері, қозыдай мөлдіреген көздері, бәрі-бәрі жүрегімді жібітіп қоя берді. Айналамдағы адамдарды ұмытып кеттім. Тек сол қызға қараумен болдым. Әрбір қимылы, күлкісі секунд сайын өзіне жақындата түсті. Ақыры бар күш-жігерімді жинап, танысуға бел байладым...

Арада бірнеше күндер өтті. Телефон арқылы сөйлесіп жүрдік. Киноға шақырдым. Кино біткен соң дәмханаға баруға ыңғайланған едік, бірақ сәті түспеді. Анасы телефон шалып, қайтуын сұрады. Есігінің алдына дейін шығарып салуыма келісті.қоштасар алдында бетімнен сүйді. Еріндері неткен ыстық десеңші....

Бақыттан басым айналып, масайып жүрдім. Күн бойы, түні бойы ойымнан кетпеді...

Тағыда кездесуге шақырып, әңгіме арасында оған деген ыстық көңілімнің барын білдірдім. Үнсіздік. Мүмкін бес минут, мүмкін жарты сағат. Қанша уақыт өткенін кім білсін. Бір сәтте құшағыма еліктің лағындай кіріп, өзініңде сезімі барын білдірді. Неткен бақыт. Жақсы көрген қызым құшағымда, жанымда отыр.

Осылай күндер, айлар өтіп жатты. Күнделікті кездесулер, құшақтасып аймаласулар...

Бақытты едім. Алғаш рет шын сүйдім. Сүйген адамымның жанымда жүргеніне бақытты едім. Кездескен сайын арнап шығарған өлеңдерімді айтатынмын. Сол өлеңдердің бірі есімде қалыпты:

Алтыннанда қымбаттым күнім менің,

Бейнеңді сақтағанмын төрінде жүрегімнің,

Мен болмасам, болмайын сен аман бол

Қиналғанда сенген сен періштемсің.

Әр тал шашың өмірімнің өлшемі,

Көзіңде бейнеленген тағдырымның көрінісі,

Әрқашан күлкі ойнасын жүзіңде

Әсем күлкің көңілдегі гүл бағамның бұлбұл үні.

Маған керек сенің бақыт ұялаған өмірің,

Маған керек мені сүйген нәзік сенің жүрегің,

Сені сүйем алтыннанда қымбаттым

Қолыма бақытым боп қоншы менің...

Мамыр айы. Далада жаңбыр шелектеп құйып тұр. Бір кезде телефоныма хат келді: «Кешір, мен басқа жанды ұнатамын. Сезім өшті. Қош.» Оқып, көзіме жас ұялады. Бұлай болары үш ұйықтасам түсіме енбепті...

Жаңбырлатып үйінің алдына бардым. Шығатын емес. Телефонын көтермейді. Есігін қақсам ашпайды. Тілдесудің ретін таба алмадым. Ертеңіне нөмерін өзгертіпті. Содан кейін көпке дейін көрмедім. Жалғызсырап, жаралы жүрегіммен жалғыз қалдым...

Жаз ортасы. Кешкі уақыт. Жұрт түгел кешкі серуенде.сол көп адамның ішінде сол қызды да көрдім. Жалғыз емес, өзгенің құшағында. Бақытты еді...

Міне, менің алғашқы махаббатымның қысқаша мазмұны осылай. Сол кездерден қалған жүрегімдегі сызат әлі күнге дейін бар. Кей кездерде «махаббат» деген сезімнің барына

күманданатын сәттерім болады. Бірақ махаббатқа сенемін, мен оны немесе ол мені іздеп табарына сенемін...