"Махаббат" монологы

"Махаббат" монологы
жеке
блог

"Асқар тұлғалардың өлімнің алдында да өр басын имей өтетіні бесенеден белгілі!" Бұл менің көңілімде ұялап қалған, тасқа қашалған түркінің жазуларындай өшпес болып көрінген, өткерген өмірден өзіндік түйген дүнием болар, сірә?! Қателік атаулыны "қиырларға ұшып барамын" деп ойлап, құзға қанат қақпастан бұрын түзеу - адамдық атаулының төресі. Тек, сол "жанымның бөлшегіне" айналған ұстанымның ағаттық екенін ұғынған күн туғанына тәубә! Бір анадан ала мен құла қатар туатыны секілді, әлемнің алып алты құрлығын мекен еткен қанша ұлт өкілінің ішінен ер мен ез қатар түлемейді дегенге кім сенеді?!

Бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе не еді? Ә, есіме сап етіп түсті. Ол - қай заман, қандай қоғам, қайсыбір ортада болмасын құндылығын жоғалтпайтын тақырып. тек, "заманың түлкі болса, тазы болып шал" деген афоризм мұның келбетін өзгертуі мүмкін.  Алайда, біздің замандағы махаббат өзгеше. Оның өзгешелігі де талай жастардың өзегіне құрт түсірген.  Ғашығына қосыла алмаған  қарасаң көздің жауын алар арманға айналуға тиісті арулардың, тепсе темір үзетін, "жаныңда жүрсе - орманың, шетке шықса - қорғаның" болар нарқасқалардың "мәрт" өлімін - ерлікке балай алмасам, айып болмас. Мынадай "қой үсітне бозторғай жұмыртқалар" бейбіт заманда тіршілік атаулының ең ардақтысы - адамның қаны төгілмесін деп тілейік. "Өлімнен қорықпау - ерлік емес, ерлік - өмірді қорғау" деп Қотан жырау қалай күре тамырды дөп басқан,ә?! Кешегі қол ұстасуға қымсынған бабалардай болмай, ұлттың келешегі саналған ұрпақтардың ұсақталып бара жатқаны көңілге қара дақ түсіреді. Бала күнінен атастырған аяулы жарларына ақ некеден соң жылуы мен махаббатын сыйлаған қаймана қазақтың бағына туғандар-ай! Ол - тірліктегі ең асыл сезімге деген "тасжүректік" емес, кез келгенге бұйыра бермейтін жақұттың құнын арзандатқысы келмегендік, қала берді бір рудың намысы талқыға түскенде елдік мұратты жоғары қойғандық болар. ...Иә, замана көшіне ілесеміз деп өз отымызды өзіміз өшіріп алмасақ - сол жеңіс!