“Махаббат қызық мол жылдар”
“Махаббат” деген сөзді естігенде әрбірінің жүзіне күлкі ұялап, белгілі бір адамды ойлайтыны өтірік емес! Махаббат менің түсінігім бойынша белгілі адамнан өзіміздің идеал адамымызды елестету, белгілі бір қасиетін, мінезін, түрін ұнату және ең бастысы бұл екі адамның бірін-бірі ұнатуы! Мейлі, ол, қыз бен жігіттің, ана мен баланың, әкесі мен қызының болсын бұны “Ұлы махаббат” деп атаймыз.
“Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын- ақырын шегініп,
Алыстап кетті- ау құрғырлар”- деп Абай атамыздың өлең жолымен басталатын кітапта сонау Ерболдың Меңтайға деген ыстық сезімі айқын да, адал бейнеленген. Оның қызға деген ұлы ойлары, ішкі жан тебіренісі, алғаш көргендегі ішкі жарасы бәрі дерлік шынайы! Тек осы екеуі ғана емес “Рамео мен Жульеттаға” теңеген “Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу” жырындағы екі жастың өмірі мен бір-біріне деген шынайы махаббаты қаншама жастарды тебіренткен!
Ал сонда Абайдың Тоғжанға деген сезімі ше? Махаббаттың жоғына осы дәлел емей не? Екі жастың ыстық сезімі үшін неге күреспеді? Қызық, иә? Мен жауап берсем, Абай мен Тоғжанның қосыла алмауының себебі екеуі де жастайынан атастырылып қойған. Ал Абайдың Тоғжанға сезімі суымағанын Абай жолы кітабының 2 томынан аңғарсақ болады. Абай өз еліне қайтып бара жатып кеш болғанда бір ауылға түседі, дәл осы кезде дәл Тоғжан сияқты қоңыр дауысты қыздың дауысын естіп оны өзінің бұрынғы ғашығы деп ойлайды. Бірақ, ол Шүкіман есімді қыз еді. Оны Тоғжанға ұқсатып жар етіп алады, оған Әйгерім деген есімді береді. Міне, осыдан-ақ Абайдың махаббаты шынайы, әрі мөлдір екенін байқаймыз.Бірақ... Бірақ Абай мен Тоғжан қосылмады. “Шын ғашықтар қосылмайтынына бұл дәлел ғой”,- дейтіндерге айтарым: -Жоқ, әр заман бөлек ол кезде жастайынан атастырып, құда болып, балаларын қосқан. Дәл осы салт-дәстүр үшін ғана екі жас қосыла алмады.
Ербол мен Меңтайдың, Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің сезімдері жастарға үлгі!