Махаббат құтқарады деп ойлайсың ба? (жалғасы)

Күн күзді жақсы көреді. "Жанымның емін күзден табатындаймын. Сап-сары жапырақтардың аяқ астыңда төселіп жатқаны қандай әдемі еді?!" -деп жиі айтады. Менің қолымда болса, жылдың төрт мезгілін де күзге айналдырар ем... Оның жымиып күлуі үшін... Өзінің сұлулығымен, әдемі күлкісімен ол жан-жағына нұр шашады. Алайда, ол тым сирек күледі. Оның өткен өмірі тым бұлынғыр. Соған қарамастан, ол менің сұр әлеміме жарық беріп тұр. Мен ұйқыда жатқанда ол көбіне ашық терезенің алдында тұрады. Бірнеше рет оның көзінен жас та байқадым. Ол неткен кіркшіксіз таза еді...

Жексенбі. Сағат таңғы 7:00. Керемет иістен оянып кеттім. Ас үйге беттегенімде ұнға былғанған Күнімді көрдім. Тәтті бәліш әзірлеп жатыр екен. Менің келгенімді байқап, жаныма келіп, құшағыма еніп, аузыма қып-қызыл құлпынай салып жіберді. 

-Қазір таңғы ас дайын болады. 

-Түнде мүлдем көз ілмедің, ерте тұрып алыпсың

-Ұйқы - әлсіздер үшін!

-Ия, бірақ маған сенің деніңнің саулығы керек!

-Тезірек, жуынып кел. Кетуіміз керек.

-Қайда? - дедім, киімдерімді іздеп жүріп.

-Оны кейін білесің.

-Жұмбақтап сөйлегенді жақсы көресің, ия?! Ол жауап қатпады. Тек мырс етіп күлді. 

Таңғы астан соң, ол менің қолымды қатты қысып, өзімен алып жүрді. Теңіздің жағасына келдік. 

-Естіп тұрмысың?! Толқындардың дыбысын... Олар...

Мен оның сөздерін әрі қарай тыңдамастан, құшағыма қатты қыстым. Еріндерінен құшырлана сүйіп:

-Мен сені сүйемін! Сен менің өмірімнің ең қанық бояуларысың! Сен менің ғана Күнімсің!

Оның көздерінен мөлдіреген жасты байқадым...

-Не үшін жылайсың? 

-Мен сенің махаббатыңа лайық емеспін. Білесің бе? Оны өзің де уақыты келгенде түсінесің.

-Махаббатқа бұл әлемде барлығы лайық!

-Тек мен емес.

-Сен махаббаттың ең биігіне, ең асқағына лайықсың!

-Сен бар шындықты білмейсің! Мен...

Жалғасы бар...



Бөлісу: