Ілияс бір күні ауылдан қалаға жұмыс істеуге келеді.Негізі ол ауылда мал бағумен айналысып,өз күнін өзі көретін.. Алайда ол қалаға көршісінің арқасында келіп қалады.Көршісі оған заман өзгерді,қашанғы мал бағып жүрмекшісің,қалаға барып,өміріңді өзгертсеңші деп, сөйтіп көрші досы Дидармен қалаға келіп қалады. Дидар оны ауқатты досының үйіне жүргізуші қылып,жұмысқа кіргізеді.Солай Ілиястың өмірі өзгереді.Ол енді жеке жүргізуші.Алайда Райым ауқатты əулеттің баласы болсада,өте қарапайым да шыншыл жігіт.Ол Ілиясты өзіне жақын бауырындай тартып,онымен сырлас досқа айналады.Райым Ілиясты жүргізуші деп емес,бауырым деп қабылдайды.Бірақ,ол Ілиястың өзінің қарындасына ғашық болатынын білмеді.Тіпті ешқашан ойламады.Себебі Маржан небəрі 11 сынып оқитын.Ал Райымның мақсаты қарындасын оқуын бітіргесін,Калифорнияға əкесінің қасына оқуға жіберу болатын.Əкесі Калифорнияда тұрады,сонда жұмыс істейді.Бірақ қарындасы Ілияс пен Маржан жасырынып кездесіп жүреді.Олар бір-біріне ғашық болғаны соншалық,Маржан да Ілияс та бір тастап кетпеуге уəделеседі.Ғашықтық не істетпейді?Тіпті олар болашаққа жоспар құрып,үйлену тойларына дейін жоспарлайды.
Маржан оқуын бітіретін кез келді.Оған жоғары оқу орнына тапсыру керек.Ағасы Райым Маржанды алып Калифорнияға аттанады.Ол Ілиясқа əкесі мен ағасын көндіріп,екеуміз туралы бəрін айтып,саған қайтып келемін уəде беріп кетеді.Ілияс та үміттеніп,Маржанды 2 айдай күтеді.
2ай өтеді.Райым елге оралды.Жалғыз оралды. Маржан жоқ.Ол Калифорнияда қалды.Ілияс аң-таң.Маржан келеді деп үміттенді.Райым Ілиясқа енді Маржанды көрмейтінін айтты.Ол аға ғой,қарындасының оқып білім алып,адам болғанын қалады.Райымның бар ойы осы.Басқа ниеті жоқ.Алайда Ілияс Маржанды өтініп сұрайды.Оны шексіз сүйетінін,күткенін,бəрібірде тағыда күтетінін айтты.Алайды Райым оған не жұмысын,не Маржанды таңда дейді.Егер жұмысты таңдасаң,Маржаннан мəңгілікке бас тартып,өз компаниясынан тұрақты жұмыс тауып беретінін айтады.Бірақ Ілия əрине,махаббатты таңдады.Жұмыспен қоштасып,махаббатын қайтаруға осы уақытқа дейінгі жинаған қаржысымен Калифорнияға аттанады.Келді.Калифорнияда.Ол бəрін зерттеп,Маржанның оқу орнына дейн тауып,Маржанның оқу орнында оны күтіп тұрады.Мұны еш күтпеген Маржан аң-таң.Ілиястың бұл əрекетіне таңданған ол тіпті дəл сол сəтте Ілияспен бірге үлкен шаһардан Ілиястың ауылына да онымен бірге аттанып кетуге дайын екенін айтады.Бұны естіген Ілияс та мəз болып,оны елге,ауылына алып кетеді.Сөйтіп,қала өмірінің қызы өзі еш ойламаған ауылдың өміріне бір-ақ сəтте келіп түседі.Бірақ Маржан оны уайымдап жатқан жоқ.Оған ең бастысы,сүйгенінің жанында.Сөйтіп,олар ешкімге айтпай тіпті тойларын да жасамай,Ілиястың шағын үйінде екеуі өмір сүріп жатты.Алайда ағасы Райым оларды іздеп тауып,қалаға келулерін өтініп,тіпті үй əперіп,жұмыс тауып беруге ұсыныс жасайды.Бірақ Ілияс та, Маржан да ешқайда бармайтындарын айтып,ауылда қалады.Оларға ауыл өмірі қызықты көрінді.Себебі олар ауылда қарапайым адамдармен араласады.Қарапайымдылықты көріп,үйренді.Кішкентай ауылда тұрсада,жүректері кең адамдардың жанында екеніне,нағыз махаббатың ауылда екеніне көздеі жетті.Тіпті Маржанда өз туған ауылындай,бұл ауылға тез сіңісіп кетті.Ілияста бақытты.Оларды жақында кішкентай ғажайып та күтіп тұрды...