Махаббат және оның өзге қырлары
блог
Махаббат және оның өзге қырлары
Біреу махаббаттың «у»-ын, біреу балын татады.
Адам баласын шексіз бақытқа бөлейтін, оның жанын жадырататын, оны шексіз бақытты қылатын сезім ол Махаббат. Сан ғасырлардан бері өз құнын жоғалтпаған бұл сезім, қазір арзан, татымсыз сезімге айналып бара жатыр.
Кей адамдардың сезімі өткінші жаңбыр сияқты, бүгін күйдім, сүйдім дегенмен ертең сол жандардың жүрегінде басқаға деген сезім оянып жатады. Сондай адамдар елікпе сезімге еріп, құмарлықтың құлына айналады... Олар жас кезінде ұнатып алған жарын (әйелін/күйеуін) балаларымен қоса тастап, балаларын тірі жетім етеді. Сонда оларға «махаббат» балаларының бақытынан, бір кездері сүйіп алған әйелінің көз жасынан қымбат болғаны ма? . Не сезімін, не отбасын таңдай алмай жүрген адамдардың саны күннен күнге артуда. Бұның себебін түсіндіру де, түсіну де қиын. Кейбіреуі отбасындағы күйбең тірліктен шаршаса, кейбіреулері әйелдерінен/күйеулерінен шаршайды, әйелдердің де кінәсі аз емес сияқты. «Күйеуім ақша таппайды деп»-анасына, құрбыларына жамандап жатқан әйел затын көп көремін. Мына заманда адамзат ақшаның құлы іспеттес... Қазір махаббатты сатып алуға болады, бірақ оныңда өз құны бар. Сатып алған махаббат сен ауырғанда денсаулығыңмен бірге, ақшаң біткенде ақшаң бірге тастап кетеді...
Бір түндік құмарлықтың салдарынан әкесіз балалар туылып, жалғыз басты аналардың саны көбеюде. Өрімдей жас қыздар өзегін жарып шыққан балаларын қоқысқа тастап «ана» деген ардақты атқа кір келтіруде... Кішкентай торғайда өз ұясын, өз балапандарын қорғайды емес пе?, Ал, олар адам бола тұра, тоғыз ай көтеріп тапқан баласын жамандыққа қияды. Жаңа бүршік жарған гүлдей үлбіреп тұрған жас қызға қол тигізген ер адам соншама ессіз болғаныма нәпсісін тыя алмайтындай. Үш тағдырды тәлкекке салған өмір-ай...
Бірін-бірі әр күн, әр сағат көруге асығатын, бір-бірінің жүзіне тіке қарай алмайтын ғашық жандар арамыз да бүгінде бар. Сүйіктісінің көңіліне қарап, оның ренжітуден қорқатын ер адамдар да баршылық. Әр адам ғышық болады. Біреуінің сезімі жауапты болса, кейбіреуінікі жауапсыз болады. Бірақ мен өз басым жауапсыз махаббат дегенге сенбеймін. Өйткені, Аллам адамды жаратқанда оның сыңарында қоса жаратады (араға уақыт салып). Бұның басты себебі адасушылық, сезімін дұрыс бағамдамау. Яғни, ұнатушылық сезімді ғашықтық сезіммен шатастыру. Соның салдарынан олар өздерін бақытсыз сезініп, ғашықтықтың қасіретін тартып жүрмін деп ойлайды. Шын мәнісінде ол өз адамын, махаббатын әлі тапқан жоқ.
Адамның сырт-келбетін ұнатып, оған ғашық болып жатқандарда жетерлік. Өкінішке орай, сұлулығына қызығып алған жар, сенің балаларыңа ана болып жарытпайды. Сұлуды жар қылған азамат «ертең мені тастап кетсе қайтемін деген» қорқынышпен өмір сүреді. Сұлу әйелге өзіне сенімді жігіттің үйленгені дұрыс деп ойлаймын. Әйел адам әрқашан өзінен мықты жанды өмірлік серігі еткісі келеді.
Өзіңнің өмірлік серігіңді тауып, оның көңіліне қаяу түсірмесең сен бақыттысың... Бір-бірімен сыйласып, бірін-бірі айтқызбай түсінетін жандардың махаббаты мәңгі жасайды.