Қызметтік махаббат

Қызметтік махаббат
жеке
блог

       Мен сені жаңадан қызмет орнымда көрдім, әріптес екенбіз. Сенің көзің өмірдегі мен іздеген, ғажайып әлем... Неткен сұлулық, мөлдіреп шарасынан төгілердей тұңып тұр, таудағы кәусар  бұлақтың суын екі шыны ыдысқа құйып қойғандай, ыдыстың ішіне таудың жұмыр қара тасы түсіп кеткендей... Мен сол жанарды қиялымда көріп, сезінгендеймін... Саған сөйлерде дірілдеймін, жүрек қатты кеудемнен шығардай дүрсілдейді, сөзім анық болмай, ойым шашырайды... Жанарыңа қарап тұра бергім, тұңғыйығына сіңіп жоғалғым келеді... Мендегі жайымды сезер ма екенсің... ж-о-қ сезінбе, мөлдір сезімді ластағым келмейді! Мен үшін ғажайып ертегі әлемі болып қала берші...