Білесің бе? Сенің маған айтатын сылтауларың "Мс Сайлаубектің әндері", мағынасыз, тіпті түсініксіз.
Сөзге келіп қалғанда сен "Нұр Отан", қандай жолмен болса да жеңіп шығасың.
Сезімім "Clash of clans", шырмауынан шыға алмадым.
Сен "Tele 2" сезімнің бағасын түсіріп жібердің.
Махаббатқа деген көзқарасың "Қазақстандағы демография", өспеген, өсетін түрі де жоқ.
Үйлену дегенде сен "112-ден келетін смс", жаудың басын төндіресің кеп.
Сенің қыңыр мінезің "ЭКСПО-2017" басында "опшым" түсінбегем.
Арамыздағы ұрыс-керіс "қырылған киіктер" сынды, ешкімді алаңдатпайды.
Саған деген көңілім "қазіргі Айтыс" сияқты, бейшара халде жүр.
Назданып сөйлегенде "Қазақ футболы" секілдісің, күлкімді келтіресің де жүресің.
Арамыздағы ұрыс "Қазақфильмнің жоңғарлармен соғысы", әлі біткен жоқ.
Сенімсіздік танытуың "ҰБТ-дағы орыс тілі пәні", пайдасынан зияны көп.
Мен Шымкент, ал сен қалған Қазақстан. Жек көресің, бірақ бағаламай жүрсің.