Қымбаттыма!

Қымбаттыма!
жеке
блог

Мен сені ұнатам Қымбаттым!

Мейлі ғой таң атсын, күн батсын!

Қара бұлт, қап-қара түн бассын!

Бәрібір мен сені аяулым

Аңсаудан, ойлаудан тынбаспын.

 

Сен менің жалт еткен жарығым!

Тек сенен өзгенің бәрі мұң...

Жаным деп тек сені таныдым.

Тек сен бол жанымда аяулым

Өзгертпей өмірдің қалыбын.

 

Мен сені өзгеге қимағам,

Сенсің ғой бақытты сыйлаған.

Сен үшін қазынам жинаған,

Дір еткен жүрегім сен деген

Сірәда  дүниеге сыймаған.

 

Күз болайын, мейлі көктем... Көктейін.

Бір сәтке де сені ойламай өтпейін.

Бетті бұрып бақыт жақты беттейін.

Қымбаттымсың! Сен әрине қымбатсың

Өзгелердің құны маған көк тиын!..