Күйеуге неге шықпайсың?

Күйеуге неге шықпайсың?
жеке
блог

Өзім күйеуге шыққан, қазақтың келінімін. Бала-шағам бар. Десе де, жан-жағымда күйеуге шықпай жүрген жақындарым, жора-жолдастарым, әріптестерім бар. Неге? Мен кішігірім сұхбат жасап көргенмін. 

Қыздардың көпшілігі мына критериилер әсерінен күйеуге шықпайды екен:

1. Жігіт менің ойымдағыдай 100 пайыз емес. Өте қате пікір. Адам ешқашан "идеальный" бола алмайды. Кем-кетігін өзің жөндеп аласың немесе соған көндігіп өмір сүресің. Себебі ол да сенің кемшілігіңді қабылдады. 

2. Жігіттің материалдық жағдайы мен ортадағы статусы. Бұл тұста үшке бөлінеді. Біріншісі-материалдық жағдайы болса болды, кімге болса да шығам. Екіншісі-материалдық жағдайы орташа болса да, ең бастысы статусы бар, қызметте жұмыс жасаса болды. Үшіншісі - екеуі де болуы қажет. Осы критериилері болмайынша, күйеуге шықпайтын ойдың болуы.

3. Қыздың өз карьерасын ойлауы. Өмірдегі позициямды жоғалтпай, жоғары қарай өрлеуім қажет дейді кей қыздар. Қалайда жағдайымды жақсартып, өз өмірімді жасап аламын деушілер. Олар болашақ жанұясын ойламай, абырой-атақты алдыңғы орынға қояды. 

4. "Бай байға, сай сайға құяды" заңдылығы. Жігіт немесе қыз жағының бірі күйлі, бірінің күйсіз өмір сүруі. Бұл-жанұяның алдағы өміріне теріс әсер ететін фактор. Мұндай отбасыларының ата-аналары арасында да түсініспестік жағдайлар көп болады. Сондықтан мұндай жұптар жүректен гөрі ақылды тыңдап, соған көндігеді. 

5. "Ашкөзділік". Маған бұдан да жақсы жігіт бұйырып қалар. Мұны таңдап кейін өкініп қалармын деген ой жетегі мазалайды. 

6. Отбасының жүгін арқалаған жан. Дәл осы тұста Дулат Исабековтың "Әпке" пьесасы еріксіз еске түседі. Себебі, қазірде осы жағдаят салдарынан күйеуге шықпай, іні-сіңлілерінің, әке-шешесінің "проблемаларын" мойнына алған жандар бар. Олар үшін жеке өмірге көңіл бөлу қиынырақ. 

Нәтижесінде әрбір қыз баласы күйеуге шықпаудың күйігін 30жаста сезінеді. Өткенге өкінеді. Кезінде неге осылай жасамадым күйіне түседі. 

Сондықтан, темірде қызған кезде соқ деген қағидаға басып, адамың кездессе алқымынан алған дұрыс. Бақытты отбасын құрып, жетістіктің бәріне бірге жеткенге не жетсін. Халық айтса, қалып айтпайды. Тегінде, бас екеу болмай, мал екеу болмас.