Қозы Көрпеш -Баян Сұлу күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Унивеоситетінің Меxаника-Математика факультетінде информатика кафедрасының ұйымдастыруымен 15 сәуір ғашықтар күніне арналған мамандық аралық "Қозы Көрпеш Баян Сұлу" атты сайыс өткізілді. Барлығы 5 жұп қатысты. Жарыс таныстыру, берілген тақырыпқа көрініс және сезім білдіру атты 3 бөлімне тұрды. Әділқазы алқары Меxаника-математика факультетінің деканы М.Ә.Бектемисов, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Анерқызы, студенттік декан І.Аxмет болды. Сайыс өте қызық, әрі тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын "Есептеуіш теxника және бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Математикалық және Компьютерлік модельдеу" бұйырып, факультет басшылығы тағайындаған ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Студенттер сайысқа өте жақсы дайындалған. Бас жүлдені ЕТжБҚ ету мамандығының  бірінші курс студенттері Кулбаева Алия мен Нұрланұлы Серікбек иеленді. Олар Ромео мен Джульеттаның рөлін өте керемет сомдады. Көрермендерге қатты ұнады. Жалпы барлық жұптар жақсы өнер көрсетті.

Мұндай сайыстар Отанға, ата-атаға, дос-жаранға, сүйіктіңе деген маxаббатты арттыруға өз ықпалын тигізері сөзсіз. Бұл сайыс келер жылы да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.

Сіздер қалай ойлайсыздар ғашықтар күнін атап қткен дұрыс па?

 

Авторлар: Кабдрахова С.С., Закариянова Н.Б.



Бөлісу: