Королек птичка певчая
блог
"Королек - птичка певчая" махаббат жайындағы түрік жазушысы Решад Нури Гюнтекиннін романы. 1922 жылы түрік тілінде жазылып, жарық көрген. Түрік тілімен қоса француз тілін жетік білген жазушы Решад Нури Гюнтекин Стамбул қаласында 1889 жылы дүниеге келген. Бұл махаббат романы Гюнтекиннің байырғы шығармаларының бірі.
Роман жас оқытушы Фериденің дәрігер Кямранға деген шынайы, пәк махаббаты туралы баяндалады. Фериде кішкентай кезінде анасынан ерте айырылып, әскери қызметтегі әкесі оны француз қыздар пансионына тапсырады. Арада бірнеше жыл өткен соң, әкесінің қазалы хабары жетеді. Солайша, Фериде тәтесі Бесименің қарауында жетім калады. Фериде демалысы мен мейрам күндерін, сол үйде өткізеді. Сөйтіп жүріп тәтесі Бесименің ұлы Кямранға ғашық болады. Екеуінің махаббаты жауапты, ұлы болса да, үйіндегі жағдайлар екеуін екі әлемге айырады. Фериде өзінің арманын қуалап Провинцияға мұғалімдік оқуын жалғастырады. Оның әдемі келбеті мен жұмысына деген сүйсіпеншілігі, айналасындағы адамдарға шашқан шуағы, мейірімділігі оны жалғыз қалдырмады. Осындай қасиеттерімен ол жаңа достар табады. Өмірінің жаңа беттерін ашып, жаңа ортамен араласа бастасада уақыт өте келе тәтесінің үйіне қайтып келіп, Кямранға жақын болады. Бір-біріне ессіз ғашық жұптың басынан қандай қуаныш пен қайғы өткендігін осы кітапты оқып біліңіздер. Айтпақшы, осы романның түрік тіліндегі сериялы бар.
Бұл екі жастың махаббаты туралы романның жалғасын "Поцелуй Фериде" атты жазушының кезекті романынан оқи аласыздар!