Бүгін күңіл-күй керемет, ең шыңның шыңында тұр бар ғойш. Осы баяғыда бір парақшаларды ақтарып отырып оқушы едім, өздерінің екінші жартылары туралы қиялдап, соны сипаттап, біз бүйтер едік, сүйтер едік деген әңгіме жазатын еді. Сол нәрсені жазу бізге де бұйырыпты. Үйткені бүгінгі күңіл – күй соны сұрап, талап етіп тұрғандай.
• Сен қазір не істеп жатыр екенсің, мүмкін бір жігіт үшін еңіреп жылап отырған боларсың, мүмкін кітап оқып өзіңді рухани байытып отырған шығарсың, мүмкін он жігітпен сөйлесіп, бастарын айналдырып отырған боларсың, бірақ сен не істеп жатсаң да өмір бізді кездестіріп, екі жарты, бір бүтін етеді. Бірақ сен қандайсың, мен сені қалай табады екенмін сол қызық маған. Бәлкім жүрек бір сигнал беретін шығар. Сол сигналды сезініп, сенен айырылып қалмаудың әрекетін жасайтын болармын.
• Менің білуімше бізді туылмай тұрып маңдаймызға қасық қанымыз қалғанша кіммен болатынымызды жазып қояды. Ол адаммен біздің мінезіміз немесе басқада қасиеттеріміз ұқсас болуы мүмкін. Ол адаммен бізді басқа әлемде қосып қойған және ол адамды біз таңдамаймыз, ол өмірдің сыйы.
• Сен маған мүмкін универде, болмаса паркте серуендеп жүргенде кездесетін шығарсың. Бәлкім әлеуметтік желі арқылы танысармыз. Не болмаса қарама – қарсы автобуста отыруың мүмкін. Мүмкін дәл қазір осы постты оқып, жай ғана жымыйып отырған боларсың. Қалай болса да мен сенімен Алматыны кешкі салқынмен шексіз көшелерін аралап, Жеканың ең дәмді балмұздағы үшін кезекте тұрғым келеді. Бірақ маған кезекте тұрған мүлде ұнамайды. Бір қуантарлығы ол кезде жанымда сен боласың сондықтан кезекте ұзағырақ тұру үшін барлық амалды табамын деп ойлаймын. Сосын мен ешқашан өмірімде прокатқа велосипед алып паркте велосипедпен жүрген емеспін. Осы бір кішігірім тілегімді бірге жүзеге асырсақ деймін.
• Сосын мен өте қызық, басқа қонбайтын әңгіме айтқанды жақсы көрем. Оны түсінетіндер бар, түсінбей, қумаш, не айтып жатсың деп жекіп тастайтындар да бар. Менің қалауым сен сол әңгімені қызыға отырып тыңдап, мені 100 пайыз түсінгеніңді қалаймын. Дәл мен сияқты ойлайтын, дәл мен сияқты сезінетін, дәл мен сияқты өмір сүретін адам барына сенемін және сол адаммен тезірек кездестірсе екен деп тілеймін. Мен әр түні сенің бейнеңді құрастырып, сүйсініп жатам. Сен қазір кімменсің, не істеп жүрсің маңызды емес, маңыздысы сенің маған тезірек қауышқаның. Сені маған осы өмір сый қылып бергенше, мен жалғыз ғана қуана өмір сүруге дайынмын. Сені тапқанша, сені сый қылып алғанша мен жалғыз болам. Бізді өмір тез қауыштырса екен. Кездескенше бейтаныс жан...