Кімге лайықтымыз?

Кімге лайықтымыз?
жеке
блог

Кімге лайықтымыз?

  Бүгінгі қазақ жігіті қаншалықты болмыстағы сұлу, ақылды қыздарға лайықты? Иә жігіттер, қыздар болсын мінсіз жанды армандайды, әйтсе де ойланып көрдік пе?  Мен мынандай жанға сәйкес келемін бе?-деп. Мәселен менің ойымдағыжігіттің болмысы асыл қасиеттері мынандай болу керек: жүрегінде иманы , қазақи мінезі бар, үнемі қайрымды іс жасайтын, жетімдерге қол ұшын созатын, шыны керек жасырмаймын білімді болуы шарт, ақылы көркіне сай. Әрине мінсіз адам жоқ екені ақиқат. Бірақ оның бойында  жігітке сай асыл қасиет болса, оның өзі қыз бала жеткілікті емес пе?!       

  Ал жігіттерге қандай арулар аса қатты ұнайды? Көпшіліктің ойынша қыздардың бойында: қарапайымдылық, нәзіктік, өзіндік ойы болу қажет, қыз жібектей болмаса да көрікті тартымды, тәрбиелі қыздарға азаматтар жақсы баға беріп жатады.                                                                 

  Дегенменде тең-теңімен тезек қабымен деген сөз бекер айтылмасы анық. Қазақи бойында иісі анқып тұрған салт-дәстүрден аттамаған, білімді, өзіндік өз ортасы, имиджі бар арулар мен жігіттерге лайықты екінші бөлшегі табылары хақ.


                                                                                                                                                                                                     Семей қаласы,

Семей көп салалы колледж

студенті: Пшенбаева Мақпал