"Китайский арман"
блог
Жалпы армандаған керемет. Армандар орындалып жатса екі есе керемет. Тебең көкке жарты елі жетпей мәз боласың.
Адам деген бір іс тындырса міндет қылады ма әлде ақылдары автоматты түрде көбейіп кетеді ма білмедім, әйтеуір қатарластарым үйленіп алған соң шетінен ақылгөй дана болып, өз - өздеріне "ғұлама" ден атақ беріп тастаған. Мені көрсе "Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды", "Жалғыздық Жаратқанға жарасқан" деген цитаталарып жаудырып жатады. Мүмкін жаны ашығаннан айтатын шығар. (Бойдақтардың түрі адамның жаны ашитын түр емес шығар). Жасым ширек ғасырдан асқан, жұмыс бойынша жалғыз өзім тұрып жатқан онша сүрлене қоймаған бойдақпын. Жолдастардың "жылы лебізін" жаныма жақын алып, бойдақтықпен қоштасуға асықтым. Ешкімнің көмегінсіз, өз ойыммен армандадым: пах, шіркін өзіміздің қара көз, инабатты, тәрбиелі, бетке шауып кетпейтін қыз болса...
Күнтізбедегі күндер мен айлар цифрларын өзгертіп, уақыт өте келе "армандаған аруды" жолықтырып қалдым. Жақсы диалог жасап, шәй үстінде жақсы әңгіме құрдық. Ендігі миссия қармаққа іліндіру. Сөздің майын шақпасамда, түрім жігіт сұлтаны атанбаса да кезіктірген аруды "жеке меншігіме" айналдырдым. (немесе қармаққа іліндім).
Екі езу құлаққа сәл жетпей тұр. Ата - анамды құдалыққа дайындап, қалың малдың қамына кірісіп кеткем. Достарымды беташардың палауына шақырып, жарнаманы жан - жаққа жайым жібергем. "Ғұламалардың" қатарына енуге аз қалғанда, болашақта жарым болса деп жүрген қызым өте нашар сөзді айтып, есеңгіретіп тастады. "Талбойында бір мін жоқ" арудың "асты ұрылған" болып шықты. Жаным ашып кетті өзіме де, оғанда... Бойдақшылық өмірім жалғасын тауып жатыр.
Менің арманым "оригинальный арман" емес "китайский арман" болып шықты.
Пы.Сы: Жаным әшейін қыздарым, арманды аяқ асты етпеңдерші.