Кешіріңіз

Кешіріңіз
жеке
блог

Кейде мен,

Сіз жайлы ойланам сыр шалып.

Білмеп-ем,

Сезімді мендегі соншалық.

Біртүрлі ме еді,

Түсіне алмай келемін,

Мәнсіз бе әлде соншалық.

 

Түсімді қалап, қиялдап жүрмін өңімде,

Алайда сізге,

Өкпем жоқ мынау өмірге.

Мұздаған жүрек

Өзгеге енді жылымас,

Түсіп қойған тым, ертерек қаяу көңілге.

 

Түсінесіз бе,

Кенеттен болды барлығы,

Мен үшін мүмкін,

Тағдырдың болар тарлығы.

Кешіріңізші,

Байқаусыз сізді ұнаттым,

Бұл-дағы менің, жас жүрегімнің жарлығы.

 

Құпия бәлкім,

Сіздегі сезім аспаса,

Сенбеймін сірә, жаныма аяқ баспаса.

Білемін бірақ,

сіздегі жүрек қалауы,

Мендегі жүректен басқаша.

               Абай атындағы РММИ оқушысы Томирис