Кешегі сезім

Кешегі сезім
жеке
блог

Кешегі өткен сезімнің күші,

Өшпеген əлі, өшпейді үні

Сезімге сеніп жүріппіз еркін

Байқамай тигенін бізге,біреудің көзі.

Амалым қанша амалым жоқ,

Армандау үшін сүйгенім жоқ.

Біреуге жар болып кетенің үшін,

Кінə таға алмадым саған да көп.

Қасыңда жүріп еш қиналмадым,

Қиалмадым, күнді армандадым 

Сəулесін шашқан күн болса да,

Күнді де көре алмадым.

Бəлкім, деп қоямын оралса екен артқа уақыт,

Көп нəрсені өзгертер едім, жұртқа жағып

Берерім аз болса да, силар ем саған бақыт.

Ол уақыт енді тек қиял ғана,

Мен ұмытсам, жүрегім ұмыта ма?.

Бұл өмірде бір болмасақ та,

Жазсын ана өмірде бір болуға.

Бəлкім өмір деген осы болар,

Жандармыз өмірге біз бағынар.

Армандаған аруы жар болмаса,

Арманшыға керегі жоқ армандауға.

Тілейтінім енді бақыт ғана,

Басыңа түскен, бағала бақытты да

Сен мені енді уайымдама

Шаттанып жүр, бақытты бол

Қарамай алды-артыңа.....