Қатпарлы қамырдан самса!

Қалайсыздар құрметті массагеттіктер!

Мен сіздермен бүгін қатпарлы қамырдан дәмді самса жасау жолдарымен бөлісемін.

Ендеше бастаймыз.

 

 

Құрамы:

   Қамырына:

500-600 г ұн

3 жұмыртқа

200 г сары май

3 ас қасық қаймақ

Шым-шым тұз

   Салмасына:

0,5 кг тартылған ет

3 пияз

1 сәбіз бен картоп

Тұз және бұрыш

Ең алдымен ыдысымызға ұнымызды салып, үстіне қаймақты, жұмыртқаны, сары майды, тұзды салып жақсылап илейміз.

Дайын болған қамырды тоңазытқышқа 1 сағатқа салып қоямыз.

Енді салмасын дайындаймыз. Керек заттың барлығын ыдысқа салып, тұз бен бұрышты дәміне қарай салып араластырып қоямыз.

1сағаттан соң қамырды тоңазытқыштан алып, жайып, арасына ерітілген сары майды жағамыз.

Содан-соң қамырды жұқалап орап, тоңазытқышқа жарты сағатқа салып қоямыз.

Мен қамырды екіге бөліп алдым.

Жарты сағаттан соң қамырды бірдей көлемде бірнеше бөлікке бөлеміз. Содан кейін әрқайсысын жеке-жеке жайып шығамыз.

Арасына етті салып, осылайша түйеміз. Дайын болған самсалардың үстіне жұмыртқаны жағып, кунжут пен көкнәр себуге болады.

Самсаларды жасап болғаннан кейін 180-200 градуста қызарғанша пісіреміз. (45-50 минут)

Міне самса дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын!



Бөлісу: