Жүректегі жазба

Жүректегі жазба
жеке
блог

Сіз мені опасыздардың отына күйдіріп, жанымды жаралайтын жандарға лақтырып кетсеңіз де, сезіміңізді тас қып орап, ішіңізден өртеніп жатқаныңызды сезем. Ал менің - сізді еркелей еркелететін ерекше есіміңіз де мəңгі жүрегімде. Еріксіз еліктірген, есім елең етердей естеліктер есте əлі. Сарыла сағынған мына жаным, өзіңіздің өзгерек өктемдігіңізді де аласұра аңсайды. Сізді күтеді! Сеземісіз?! Үмітін үзбей үздіккен кішкене ғана жүрегіме бұрынғы ойнақшыған сезіміңізді ала келіңізші, қайтадан. Сіріңкедей оп - оңай сөндіре салған маңғаз махаббатыңызды қайта тұтандырыңызшы. Сіз мені мөлдір мұңмен құрбы қылсаңыз да, сізді сүюді тоқтатқан емеспін. Сіз үшін бəріне даяр тұрғанымда, өзіңіз қоқыстай лақтырып тастай салған шарпыған жалыннан суырып алыңызшы. Езіліп барам! Естимісіз?!