Жүрегім жалғыз бірақ та...

Жүрегім жалғыз бірақ та...
жеке
блог

Жүрегім жалғыз бірақ та...

Қыз - раушан, ұл - шөңге,
Қыз - валюта, ұл - теңге.
Ұл бүгін бар, қыз жоқта
Жетер ме екен ертеңге.?
Қыз - ғашықтық оты ғой
Ұлдар оған өртенбе!
Қыз - ғажайып әсем күй
Ұл боп күйін шертем бе?
Қыз - мәңгілік ескерткіш
Тұра берер ертең де!

Ұл - қараңғы, қыз - жарық,
Ұл - кредит, қыз - салық.
Қыздар банктің бір түрі
Есіктері тұр жабық.
Қыз - акула, ұл - балық
Ұлдар - шымшық, қыз - тауық.
Қыздар қыста тайғанақ
Кетпе құлап не тайып.
Көп сұлудың ішінен
Сыңарыңды ал тауып!

Қыз - ол ақ бор, ұл - тақта,
Ұл - ол есік, қыз - қақпа.
Қыз - аққу ғой көлдегі
Аққуларға оқ атпа!
Қыз - махаббат киесі
Махаббатты сен сатпа!
Қыз - ақынның өлеңі
Оқы, оқы не жатта!

Қыздар кілем болса егер,
Ұлдар сонда тулақ па?
Жоооқ!
Ұл - ол темір, қыз - мақта,
Ұл - ол катер, қыз - яхта.
Бәріңе сезім сыйлар ем, қыздар
Жүрегім жалғыз бірақ та...

Авторы белгісіз