Өмірлік жар таңдау мәселесі, қателеспеуге тиісті мәселелердің бірі екені анық. Жар таңдауға қатысты бірнеше кеңестерді өзіңізге ұсынғалы отырмын, керегін алып қаларсыздар.
1. Ең бірінші жігіттердің сыртқы келбетке қарайтыны рас нәрсе. Алғаның сұлу болса артықтық етпесі анық, бірақ сұлуларға көбірек уақыт бөлуіңе тура келеді. Қарағанда әлем сұлуындай болмаса да менің жарым деп көрсететіндей болса болғаны.
2. Алған жарың сұлу болғанымен, үй шаруасына пысық болмаса сіздің таңдау жасаған кезіңізде- сұлулық әлемді құтқарады,- деген сөзді басты назарда ұстағаныңыз,- деп біліңіз, яғни қателескеніңіз. Үй шаруасына пысық болуы өте маңызды, ертең үйіңіздің таза да жинақы, жұмыстан шаршап келгеніңде тамақтың дайын тұруы да сол алған жарыңызға байланысты.
3. Ол сізді сыйлағаны маңызды, егерде сыйламаса үйіңізде ұрыс пен керістен бастап, соғысқа дейін болып тұрады. Сыйластық бар жерде береке де болады.
4. Араласатын ортасына мән беріңіз, егерде өзіңізге ұнамайтын қыздармен немесе әйелдермен араласса жақындамай ақ қойғаныңыз дұрыс. Себебі әйел затын өзгерту әлемді өзгерткенмен бірдей деп бекер айтпаса керек.
5. Материалдық жағдайға келетін болсақ кез келген қыз қауіпсіз, жақсы өмір сүргісі келеді. Ол жағы өздеріңізге байланысты.
Сонымен жігіттер! Сәттілік өздеріңіз қалаған қызды жолықтыруларыңызға тілектеспін.