Жанарыма түйілген жарықпысын,
Жүрегімде кетпейтін қанықпысын.
Жанарыма жарықсыз күн жоқ екен,
Сен соны менен артық ұғыппысын.
Барма күшім сезімдей дауылдарға,
Мына сенсіз өмірім ауырларма?
Төгілердей болады жауындарда,
Қарсы қарап жүруге бағым барма?
Таусылардай болады төзімдерде,
Төзімдерге сезімсіз ерік берме.
Тауысардай болармын жүрек қаның,
Сен бермеген жауапсыз сезімдерге.
Жалғыз қалып жылаған кезімдерде,
Үйретті ғой, оған деп сезіндірме!
Жүрегімді бұдан артық езілдірме,
Мен кеттім, енді қайтып оралмаймын!
Енді маған керексіз уәде берме,
Қайтаруға артымнан мүлде ерме.
Біреулер қатыгезсін дерде маған,
Қатігездігім ойлашы сенімен теңбе?!