Жастар арасында отбасы құндылығын нығайту

Технология үнемі жаңарып, ақпараттың жедел таралуы, экономиканың қарыштап дамып, ғылымның жаңалығы көбейген сайын ұмытылып бара жатқан құндылықтар бар. Соның ең үлкені отбасы құндылығы. Отбасы деген не? Оны шағын мемлекет деп не үшін айтамыз? Өйткені, жекелеген бір-бір отбасынан мемлекет құралады. Жанұяңды сақтап қалу бір мемлекетті сақтап қалу. Бір отбасының күйреуі мемлекеттің бір жерінің олқы тартуы. Сол олқылық опат әкелмей тұрғанда онымен күресу керек.

«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген ұстаным қазақ отбасының беріктігін сақтады. Қазіргі отау тікке екі жаста асқар тау болып отырғысы келеді. Ердің ынжықтығы мен әйелдің бетбақтығын басатындар қатары азайды.

Жастарға «отбасы құндылығы» деген ұғым қашан түсіндірілу керек?

Екі жас отау тігуге дайындалып жүргенде түсіндіру керек деген қате түсінік. Оған кішкентайынан санасына сіңірту керек. Бала кезінде олар ақпаратты тез қабылдайды. Мына әлемге махаббат пен қарап айналадағы іс әрекеттерді қайталайды. Оның осындай қабілеттілігін дұрыс пайдалану керек.

Ұлды тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің, әйелді тәрбиелегенің әлемді тәрбиелегенің дейді. Ұл дүнеге келгеннен анаңды құрметте,  қарындасыңды сыйла, бауырларыңа қамқор бол деп айтып отыру керек. Мынау саған тиесілі зат. Оған мұқият бол деп, бір үйдің жауапты адамы болатынын санасына сіңіру керекпіз. Арзан дүниеге алданбауын бақылауда ұстаған жөн.

Өзгелердің тағдырымен ойнайтын арамзаларды емес, отбасының жағдайын ойлайтын азамат тәрбиелеу ата-ананың парызы.

Қазақ халқы қызға қырық үйден тиым салған. Қыз есін білгеннен бастап ер кісіні сыйла, үй шаруасына пысық бол, анаңа көмектес деп тәрбиелеген. Бір үйдің түтінін түтететіп, бесігін тербететін ана болатынын жастайынан бойына сіңірді. Дәл осы тәрбиенің негізінде талай батырлар мен ақындарды дүниеге келді. Ұлт тәжірибесінде бар жүйені қазір де қолдансақ болмас па? Үш қайнатса сорпасы қосылмайтын Еуропаның менталитетін үйренуге құмартып алдық. «Заманына қарай адамы» деп ақтап аламыз. Бірақ заманды билейтін адам. Заманның жаңаруы мен жаңалығын қабылдай отырып, тарихы терең салт-дәстүрді ұстана білу үлкен өнер.

Қымбат Әбілдина бір сұхбатында: «Біздің буын қателігі – жұмысбасты болдық. Біз өзімізге сендік. Менің тәрбием мықты. Менен туған ұл, менен туған қыз бұзылмайды деп ойладық. Осыларға жақсы тамақ алып берейік, әдемі киіндірейік деп жұмыс жасадық. Біздің қателігіміз сол», - деп көзіне жас алып еді.

Тәуелсіздік алған жылдары елдегі ахуал ата-ана мен бала арасындағы байланысты ажыратып алды. Қанша жұмысбасты болғанымен ол кісілердің мақсаты бар еді. Бала шағамды жетілдіру үшін деді.

Қазіргі қоғамда баланың сырты мен асқазанын асырап отыр. Барлығы жұмыс деп балаға уақыт таба алмайды. Бірақ олардың мақсаты нақты балаға арналып тұрған жоқ. Жұмысты мансаптық өсу үшін, айналасына абыройлы болу үшін жасап отыр. Бала оның жолында тұрған кедергі сияқты қарайтын қоғамда өмір сүріп отырмыз. Баланың қарны тоқ, көйлегі көк. Алайда, оның шкі жан дүниесі ше, кеудеген рухты кім толтырады. Сухамлинскийдің тілімен айтқанда: бүгінгі бала қартайғандағы не қайғы, не бақытыңыз. Сіз ата-ана болғаннан кейін автоматты түрде инвесторға айналасыз. Бала өскенше қолыңа, өскен соң жолыңа қарайды. Оған тәрбие беру үшін, өзіңіз оған идеал бола біліңіз.

Осындай кішкентай көзге көрінбейтін қателіктер үлкен проблема тудырады. Оларға немқұрайлық пен қарап жүргенде, ерекше құндылықтарымыздың қашан құнсызданып кеткенін байқамай қалдық.

Мемлекет бұл сорақылықпен күресу үшін отбасылық жобаларды көптеп ұсынып жатыр. Отбасы құндылығын, бақытты өмірдің салтын дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауын ұйымдастырды. Бір байқаудың өзінде еліміздегі қазақы тәрбиенің жемісін көріп отырған, тамыры тереңге жайылған жанұяларды көріп марқайып қаламыз.

Күйбелең тіршілік шаңырақтың шаттығын байлап қалмасын деп «Отбасы мерекесін» күнтізбеге қосты. Отбасы мерекесі екен деп бір-бірін іздеп, құттықтаудың өзі қарым –қатынастың нығайуына үлес қосады. Мерекені бірге өткізейік деген ниетпен бас қосып, шүйіркелесе әңгіме айтқаның бір сәтке шаршағаныңды ұмыттырады.

Жаңадан отау тіккен екі жастың баспана мәселесін шешуге атсалысып отыр. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «7-20-25» бағдарламалары жастардың қадамдарына қолдау білдіруде.

Бірақ біз мемлекет беріп отырған мүмкіндікті қаншалықты дұрыс жағынан пайдалана алып жатырмыз? Бір отбасын бағындыра алмай отырып, бір елдің татулығын ойлап жүргендерді сөз етеді.

Отбасының негізгі құндылығы сыйластық. Ол ерекше ықылас пен махаббаттан пайда болады. Жанұяңды сақтап қалу бір мемлекетті сақтап қалу. Жекелеген бір-бір отбасынан мемлекет құралады. Бір отбасының күйреуі мемлекеттің бір жерінің олқы тартуы. Сол үшін мемлекетіңе, еліңе, қоғамға жаның ашып қызмет ет.



Бөлісу: