Жарты жүректі бір адам

Жарты жүректі бір адам
жеке
блог

Кең бөлме.Тас қараңғы.Тып-тыныш.
Үнсіз отырған пендеге,бір керегі-жұбаныш...
Жалғыздыққа еті сіңген,моласындай бақсының,
Бақытты өмір-бір мезеттік,бітпес оған тағызым.
Бір адам.Мың түрлі ой.Аласап(ы)ран,
Орманында ойының өзі адасқан!
Ғашық болды,қателесті,айға шапты,
Солған жүрек ұмыта ма сол бір шақты?
Жарты жүрек.Отты сезім.Алай-дүлей.
Жыр төгілер жанынан шегін білмей.
Бақыр басы бақыттан айналғанда,
Салы суға кетерін ойлаған ба?
Жоқ,Әрине,жоқ.Ойламады,
"Мәңгілік!"деп жар салды,
Махаббатты тойлағаны!
Қарс айрылып 
қабырғасы қайғыдан
Сары мұңның қара бұлтын
Отыр қазір жамылған..
Кең бөлмеде жарты жүректі бір адам.