Шіркін, махаббат-ай десеңізші! Қаншама жанның басын айналдырып, түпсіз терең тұңғиыққа әкетті. Ғашық болуды кейбіреулер оңай дейді, енді біреулер бос әурешілік дейді, біреулерінің ойы мүлдем басқа. Өз басым бір жігітке қатты ғашық болғанмын. Бір-бірімізді қатты жақсы көрдік. Шын ғашықтар қосылмайды дейді... Бәлкім, солай да шығар. Екеуміз бірде кішірігірім нәрсе үшін ұрысып қалғанбыз. Содан бері хабарсыз кетті. Сеземін, ол мені әлі де жақсы көреді, сүйеді. Күнде телефонға телміріп соның қоңырауын, хабарламасын күтемін. Мүмкін бүгін хабарласып қалар... жоқ, кеше қолы тимеген шығар, бүгін міндетті түрде қоңырау шалады.., деген ойлар мені оған деген махаббатымды сөндірмеуге итермеледі. Әлі де күтіп жүрмін...
Мен де онлайн,
Сен де онлайн,
Сөйлеспейміз алайда.
Жазғым келеді,
Жаза алмаймын,
Жібермей намыс оңайға.
Сағынамын сол кездерді,
Түніменен сырласқан.
Тәтті сөздер, смайликтер,
Таңқалатын айлы аспан.
Суып кеттік не себептен?
Жалықтың ба кенеттен?
Қайда кетті хабарлама,
Жарып шыққан жүректен.
Бұл сезімнің машақаты,
Соқтырмады оңайға.
Хабарлама жіберуге,
Себеп тапшы қалайда.
Кейде тіпті түңілемін,
Жауапсыз қалған сезімнен.
Күтемін мен, күте берем,
Хабарлама өзіңнен...