Ғашық болу қандай сезім шын мәнінде?
Білетін жан шын сүйе алар осы күнде.
Ғашық болып қалсаң егер шыныменен
Бақылағың келіп жүрер әр демін де.
Сүйем , күйем бұның бәрі жай ғана сөз ,
Шындықты көре алады тек қана көз .
Шын жүректен білдірмесең сезіміңді ,
" Ғашық болдым " деп айту жай ғана сөз.
Ғашықтық пен махаббат сегіз әріп ,
Білмегеннің әр күні болар қаріп .
Сезіміңді білдірмесең сүйген жанға ,
Жүрегіңе түседі үлкен айып .
Сүйген жаның сүйсе,егер,басқа жанды,
Қайғыменен қарсы аларсың атар таңды.
Жылап,күйіп ішіңнен бірнеше күн ,
Кейін ғана жүрек сабыр танытады ...
Сабыр,сабыр, сабырлықтан шаршадым !
Ғашық болып қалудан да шаршадым !
Ғашықтыққа апаратын ең алғаш
Көздерімнің өткірінен шаршадым!