"Ғашық інің"

"Ғашық інің"

Мен санасам жүрегіңіздегі дүрсілді,

Сіздің жүрек неге жаным, неге ғана күрсінді.

Бірақ сәтте ғашық болу оңай ғой

Түсінбейміз махаббат деген тылсымды.

Бердіңіз рұқсат, жүруге жаным қасыңда,

Сүймедіңіз ау, сүймедіңіз ау расында.

Жасымның кіші болғаныма мен білмедім

Дедіңіз маған, жүрегің сенің ғашық па.

Ғашықтық - бұл керемет сезім еді,

Сізге ғана шабытым келіп еді.

Күн батар сәт таяса, сол бір ару

Ой санама ұрланып кіріп еді.

Болсамда кіші мен бәрібір ғашықпын,

Сіз үшін жаным, тау суындай бір тасыппын.

"Махаббат жасқа қарамайды" деп ұрандап

Өмірін кештік Төлеген Жібек ғашықтың.

Білдірдіңіз жаным ау, маған сенім,

Жасырынып қалды іште барлық сезім.

Сізді құлай көз жұмып сүйетінін

Айта алмай кетті сізге ғашық інің...

                      Есентемір Ерболұлы


 

 

 

 



Бөлісу: