Ғашық жанға сағыныш

"Шіркін маған қанат бітсе,
самғауға тек шамам жетсе,
оттай жанып арман құшып,
түнгі аспанды шарлай ұшып,

ақ үміттен тұмар тағып,
сүйген жанға қарай қанат қағып,
айлы түннің аясымен,
жұлдыздардың арасымен,

түн ұйқымды құрбан етіп,
сүйген жанға самғап жетіп,
ұйықтап жатқан cұлуды көріп,
уақыт созып көп кідірмей,

келгенімді еш білдірмей,
сол сұлуға мойнымды иіп,
дидарынан қимай сүйіп,
құлағыңа кеп жақындап,
"Қайырлы түн" деп сыбырлап,
сағыныштың басып демін,
суйіп сол аруды кетер едім"....!!!



Бөлісу: