Жанымның жарасын жеңілдет,
Айлы түнде мені алып кет.
Көп сөзсіз, еш үнсіз,құшақта,
Қашып кетейік, алысқа әрі ұзаққа?
Тек қана мен, тек қана сен,
Тек қана маған жаным, сен сен.
Есалаң бойжеткен, ақылсыз
Өзіңе әрқашан асық қыз.
Қастерлеп,қадірлеп, аяла,
Отырайықшы біраз жағада?
Самалын желпісін ақ толқын
Және мен жаныңда сәл толқып.
Бір қара мен жаққа,өтінем,
Бүгінгі айлы түнде де күтем.