Адам өмірге келген күннен бастап оның алғашқы қадам басуы, алғашқы "әке-ана" деп тіл қатуы, алғашқы мектепке барып, алғашқы бала махаббатты бастан кешуі, алғаш рет өз бетімен шешім қабылдап, үлкен өмірге аяқ басуы бәрі-бәрі үлкен тарих.Мен үшін бұл айтылғандардың орны ерекше.Әсіресе, алғашқы махаббат пен алғашқы қадамдарым.
Бала махаббат кімнің басынан өтпеді дейсіз?!Сіздің де, басқаның да бұл тәтті балдай, ешқашан ұмытылмайтын сезімді басынан өткізгені анық.Себебі, алғашқы сезім әрбір адамның маңдайына жазылғаны деп білемін.Алғашқы махаббат- алғаш рет жауған қар секілді.Жапалақтаған ақша қардың бара-бара жер бетін түгел жабатын қалың қарға айналатыны секілді, тәтті сезім жүрегіңде мәңгіге сақталатын ұлы сезімге айналады.Ал ұлы сезім кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын ұлы күш.
Бұл мақала мен үшін журналистік өмірдің кішкене ғана баспалдағы және бұл баспалдаққа басқан алғашқы қадамым ешқашан ұмытылмақ емес.