"элегия"

"элегия"
жеке
блог

Хабарлассам телефонды алмайсың,

Не бір ауыз хат та жаза салмайсың,

Сүйесің ғой , сен де әлі сүйесің

Сүймеймін деп неге өзіңді алдайсың,

Келмей ақ қой ,сүймей ақ қой сен мені,

Ашу басқың, татуласқың келмейді

Жек көрсең де, жақсы көре беретін ,

Соңғы ғашық мен шығармын жердегі.

Сенің әрбір сөзің, ісің, қылығың,

Бәрі есімде, құлағымда тұр үнің,

Көз алдымнан өтіп жатыр дәл қазір,

Кинолента секілді бар ғұмырым.

Сенсіз ғұмыр жүрек жоқ құр кеуде,

Құр көлеңке суретімен сүлдемде,

Жұбатар да, жылатар да өзіңсің

Жалғыз жатқан айсыз қара түндерде.

Барлығы біз ойлағандай болдыма?

Бақыт құсы түспейді екен торға да,

Суреттер мен смстер баяғы,

Естелік болып қалар бәлкім сол ғана.

Мейлі мені есіңе алма ойлама!

Өз бағыңды өзің енді байлама!

Әңгіме айтып ауыртпайын басыңды,

Сағындым деп айтқым келді жай ғана!