Егіз жүрек

Егіз жүрек
жеке
блог

   Аптасына бір рет уақыт тауып, қала сыртындағы атшабарға келетін Зере бұл жолы келмеді. Іс сапардан келе сала,киімдерін жинап атшабарға шықты. Қала сыртына шыға бергенде көлігі бұызылып қалған қыз,таң атпастан кімнен көмек сұрарын білмей, жолдан өтіп жатқан көліктерге қол бұлғады. Бірер минуттан соң жанына үлкен қара көлік келіп тоқтады. Көлікті жөндеуге әкеліп, тек ертең дайын болатынын ескерткен жігіт Зереден қайда баратынын сұраған еді,екеуінің жолы бір  екен.Азат өткен аптадан бастап келгенін айтты,не деген сәйкестік деп екеуінің әңгімесі жараса кетті.Қанша жарқын жүзбен сөйлеседе Азаттың көзінде бір мұң бар еді...Зере дүкен аралап жүріп,Азатты кездестіріп қалады.Азат өз баласына киім қарап жүргенін айтады.Екеуі Мұрагерге киім таңдап,сырт көзге бақытты отбасы сияқты көрінді.Келесі күні жұмысынан кеш шыққан Зерені сүйіктісі Заңғар кешкі асқа шақырып,екеуі түңгі Алматыны жаяу аралап біраз жүреді.Екеуінің махабаттарына сырт көз қызығада,қызғанада қарайтын.Тіпті екеуінің тағдырыда ұқсас болғандықтан ба бірден тіл табысып достасып кеткен,кейін достықтары ұлы махаббатқа ұласқан.Екеуінің болашаққа құрған жоспарлары бойынша,тойларын келесі жылдың көктеміне қалдырған.Зере іс сапармен Мәскеуге кетіп,бір айдан кейін келген соң ғашығын сағынған Заңғар оның үйіне баруға асығады.Есігін ашып,үйге кіре бергенде сәбидің дауысын естіген Заңғар туысқандары келген болар деп,мән бермейді.Бірақ үйде сәби мен Зереден басқа ешкім жоқ еді.Сұрай келе досымның баласы дегенді естіген Заңғар,ашуға бой алдырып үйден шығып кетеді.Азат жиналысынан келіп баланы алып кетеді.Келесі күні Азат Зереге,Мұрагер үшеуі саябаққа барып серуендеуге ұсыныс айтады.Баланың тілі енді шығып келе жатқан еді,оқыстан «мама» дейді Зереге қарап.Бәрі қуанып жатқан шақта,жолда қарап тұрған Заңғардың ашуы келіп,өзінің алданғанын түсінеді.Азат үйіне келіп қуанышты жағдайды ата-анасына айтады,қуаныштан көзіне жас алған қариялар Зереге үйленуін сұрайды.Ертесіне Азаттың ата-анасы,Мұрагер бәрі Зереге қонаққа келеді,ұсынысқа таң қалған қыз есеңгіреп тұрып қалады,кенет есіктің қоңырауы оның ойын бұзып жібереді.Заңғар есік ашыла салысымен,Зерені баласымен қабылдайтынын айтып,көзіне жасалады.Заңғарды үйге кіргізіп түсіндірмекші еді,ол сенбейді.Себебі осыдан бір жыл бұрын Зере қаладан көрінбей кетеді,оның себебі әкесі қайтыс болған қыз анасына,бауырларына тіреу болып,бір жылдан соң өз жұмысына қайта оралуға шешім қабылдайды.Ал,Азатың жары жол көлік апатынан көз жұмып,тек сәбиін аман алып қалғанын айтады.Мұрагердің 1 жасқа толғанын үлкен әулиет болып тойлап,келесі айда Заңғар мен Зеренің тойына қызу дайындық басталды.Махаббаты,сенімі алдамаған қос ғашық,алдағы уақытта кез келген белесті бағындырарына сенімді болды.