Бірге болуды жазбаса бізге, мазаламайын.
Бір әннің ішіне сыйып тұрған екі дүние.
Есіңе мені аларсың бағым,
Алаңдап жүрген кезіңде мұңды
Жалғаннан іздеп табарсың жаным.
Жауапсыз қалған сезімдерімді...
Мен уәде беріп едім... енді өзгеге қарамаймын деп. "Алдайсың, сен әлі-ақ бәрін ұмытасың" - деп едің. Сезімтал ең ау. Жауапсыз махаббаттың ащы дәмін татқаным осы шығар. Тіпті сен үшін көп нәрсені "тәрк" еткен едім. Білемісің, жүректің дерті жазылар, бірақ...
Өмірдегі негізгі тіректерімнің бірі айналамды қоршаған достарым. Сол достарыммен табыстырған тәңірге мыңда бір шүкір. Талай тығырықтан суырып алатын сенімді достың орны бөлек қой. Бір досымның "табиғатта бос кеңістік болмайды" деген сөзі осы сәттерде барып ұраныма айнала бастағандай. Ия, адам баласыда табиғаттың бір мүшесі. Табиғатпен егіз. Яғни, адамның жүрегінде де бос кеңістік болмайды.
Бос кеңістік қалдыру қандай қиын болса, оны толтыру оданда күрделірек. Жауапсыз махаббаттан шайлыққан әмірсіз мүше өз сыңарын табумен ғана жайланбақ.
Бір-бірімен ұштасып жатқан бұл пәниде тағы сезім сиқыры өзіне баурай бастағандай. "Әдемі сөзбен арбамай, іспен бақытты сыйлай біл" деп сын айтып еді осында бір қолданушы. Ия, менде қазақтың бір қызын бақытты еткім келеді. Мүмкін, бұлда өмірдің кейбір ұмытылмас кезеңдері болар. Уақыт пен мүмкіндік арасында, сын сағаттары үздіксіз соғып жатқан шақта, жүректің дерті артық болар деп ойлағанмен, табиғат заңдылығына қарсы келер шара қайда.
Ол өзіндік ойып алар орны бар жан. Қалай болғанда да ол мені бар болмысымен жаулап алды. Өмірде көрмесемде, ол өз әлеміне тартып тұрады. Өзімнің де кемшілігім осы болар. Көрмесемде сезімге тұсау бола алмаймын. Бір-біріміздің хат алмасуымыз кейде жұпыны болғанымен, белгісіз бір күш байланыстыра түсетіндей. Кейде белгісіз себептермен болмай қалған түнгі чаттың ертесіне бір-бірімізге "іздеу" сала бастаймыз.
Тым тереңге кетпесекте, осынау буырқанған сезімге тұсау болған бір-екі себептер ғана мені қынжылтады. Тіпті, кейде мүмкіндік пен де есептесуге тура келеді.
Өмірлік мақсат пен сол "мақсаттың" орындалу сәтін қапысыз күтіп жүргенде, екінші жүктің ауыртпалығы қалай боларын тәжірибе көрсетіп берді.
Сезіммен ойнауға болмайтынын тағы да сол уақыт дәлелдеді. Өзіңе бақылауды ұмытқан сәттен бастап, өмірлік мақсатыңның жолынан адаса бастайсың. Асығыс шешім, қате таңдау секілді сәтсіздіктерді өзіңде сезбей қаласың.
Ара қашықтықтың тым алшақтығы тағы көлденең кедергі. Мынау тұрған Алматы емес)) Әрине мұның барлығы уақытша қиындықтар болар... Бірақ, уақыт өлшемі деген шешімді жылдамдатуды талап етеді.
"Алдыңда сенің таза болайын, мазаламайын" - дейсің ғой. Мүмкін маған, мүмкін басқаға арналған болар. Бірақ маған деп қабылдадым. "Сырларыңды айтып сарғайған күзге, сағынсаң ізде, үмітіңді үзбе, бірге болуды жазбаса бізге, мазаламайын" - дегеннен басқа жауабым жоқ.
Мүмкін өмірде кездесуді бұйырып тұрған болар...
Шымкент. 17.02.2015. сағ. 02:50