Бір көргенен ғашық болу...
Кейде естіп жатамыз, немесе жігіттер қыздарға "бір көргенен ғашық болдым"-деп айтып жатад. Ойланып қарасаңыз, ешбір қисыңға келмейді. Тіпті, сол бір алдамшы,жағымды сөзге сенудің өзі ақымақтық. Әрине, бір көргенде сұлулығына көзі түсіп, бір сәтке журегінің дүрсілі жиілеп кетуі мүмкін,дегенмен ол сезімді ғашықтық деп айтуға келмейді.Себебі, бір көргеннен адам бойындығы асыл немесе жаман қасиеттерді танып,бағалай білу үшін, жан баласына кем дегенде бірнеше рет кездесіп, сырласуы қажет деп ойлаймын.
Санамызға қалыптасып қалған сол бір ойдың арбауынан ұнату мен ғашық болудың ара жігін ажырата алмай жүрміз! Жай ғана мысал келтіріп көрейін:" Ол жан ұнатып қалса,сол алдамшы сезім басылғанша пайдаланады. Егер, жақсы танып, сол жан туралы бәрін білген адам, ол жанды ермек қылмай,қорған бола біледі. Шын ғашык адам ол жанға ешқандай зиянын тигізбейді. " -деп білемін.Менің бұл сөзіме қазақ поэзиясының асқақ шыны Мұxтар Шаxановтың айтқан асыл сөзі арқау болады.Ол кісі былай деген екен:
"Ғашық адам сүйгеніне өзінің,
Жаманшылық ойлай ма екен сірә да."
"Бір көргенен ғашық болып қалдым"-деген әсерлі сөз қай қыздың болмасын құлағына жағымды естіледі. Аңқау, ақкөңіл қызды өз арбауына түсірудің бірден бір жолы деп айтсам қателеспеймін. Жақсы сөздермен арбап, алдау қу әрі ұлы сезімді қадірлей алмайтын жандар ғана айтуы мүмкін. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтудың орнына "ұнатып қалдым" деген жөн шығар. Бір-бірін ұнататын жандарды "ғашықтар" деп айту қателік.
Сезіміңіздің қай деңгейде екенің білмей жатып,өмірдегі ең маңызды шешімді қабылдауға асықпаңыз! Жан баласына берілген ұлы сезімнің қадірін біліңіз!!!
"Адамды танып білмей жатып, қалай ғашық болуға болады?" - деген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз? Сіздің ойыныз қандай?