Балалық махаббат

Қазір инстаграм желісінен кіп-кішкентай, 15 — 16 жасар қыздардың күйеуге тигім келеді, бақытсызбын деген посттары жиі көреміз. Оны көріп кейде ұялып та кетемін. Өзімізге жастар тез есейіп бара жатыр деп басу айтып қоямыз әйтеуір.

Жандарым, ҚҰЛАҚТАРЫҢЫЗҒА АЛТЫН СЫРҒА.

Үйлену ешқайда қашпайды, 19-20 жасыңда жігіт туралы ойласаң да жетіп жатыр. 15 жас дегенің қуыршақ ойнап, доп ойнап жүретін ең керемет шақтардың бірі емеспе! Әр жастың өз есте қаларықтай өз ерекшелігі болады. Бақытыңды табуға ерте асыққаның ерте жетілгеніңнің белгісі емес. Қазір дәл білімді ойлайтын уақыттырыңызғой. Махаббатыңызды кореялық доромаларға ұқсаса махаббат деп ойлай беру қателік екенін өзіңізде түсінетін шығарсыз. Бір біріне адал, бір — бірінен бас кешпейтін махаббат бұл жаста болмайды. Бұл тек ертегі желісімен түсірілген ертегілерде немесе киноларда ғана кездесетін махаббат.

Ақ көйлек, барлық көңіл саған, барлық айтылған тілек саған, ешкімде болмаған фотосессия сенде, той сенікі болған жақсы әрине. Бірақ, екі сағат аққу болып, екі сағаттан кейін тауық болып қалмасыңа кім кепіл.

Кеш болмай тұрғанда ойлан, оқы, оқы. Болашақта өзіңе пайдасы тимесе зияны тимесі анық..



Бөлісу: