Екеуміздің екі бағытқа бет алғанымызға біраз ай болды. Кімнің шешімі болса да екіге айырылу бауыр басқан екеумізгеде оңай тимеді. Менің көзіме оттай басылған естеліктер тыным берер емес. Жанымды да жүрегімді де жайына қояр емес. Осылай ойсыратар ойлармен арпалысып жүріп, мен өз бақытымның аялдамасына жылжыдым. Артта қалған ардақты адамымның қайта қайрылмасына сенер уақыт келді. "Келсе осы уақытқа дейін келер еді ғой" деп үлбіреп жанып тұрған балауыз үмітті өзім - ақ үрлеп өшірдім. Өшіргім келмейді. Амал жоқ басқа бақыттың келеріне сенемін. Сенім жақсылықтың нысаны дейді гой.
Менің сенімім ақталды. Ол келді. Жоқ мен өткенімді емес болашағымды айтамын. Мен бұрын кешкен сезімді басымнан қайта өткізіп жатырмын. Әрине басында оны ол жанмен салыстырдым. Ол менің сындарымнан мүдірмей өтіп келеді.Өзі қандай керемет жан еді. Менің қайғы мен мұң толы жүрегімдегі ескі ескеліктерді шетке ысырып қойып, өзі жайғаса бастады.
Өмір өзгере бастады!!!
Мен енді телефоннан ешқашан ұмытпайтын шығармын деп ойлаған ғашығымның нөмірін өшірдім. Мен енді әлеуметтік желілерге кіргенде оны емес басқа адамды іздейтін болдым. Менің керек екендігімді қайта қайта айтатын жаннан смс хаттар толассыз келуде.
Өткенді еске түсіретін орындардан енді онымен қол ұстасыпе мәз-мейрам болып өтіп кетемін.Бұрындары осы жерде қыдырушы едім деп мұңайып қарайтын бақты мен кейде байқамай өтіп кетемін. Мен қателескенимді мойындаймын "Маған ешкім сендей бола алмас" деп ойлайтын едім. Жанымдағы адам сен сияқты емес тіпті сенен асып түсетін сияқты. Бәрі осылай жақсы болып келе жатқанда, кенеттен жүрегімді сырттан біреу қағады. Кім екен??? Мен жылап жатқанда жұбатуға шамасы келмеген, мен құлап жатқанда демеуге күші жетпеген жан, баяғы ғашығым көз алдымда тұр.Жолына қашан келер екен деп күткен жан маған енді ғана келіп тұр. Кеш! Тым кеш!!!
Бірақ енді ұмытылған сезімдер шыға бастаған сияқты. Жоқ ол қайта тұтанбауы керек! Мен солай ойлаймын. Өзімді өзім жөнге салмасамбасқадан қайран жоқ. Ендігі оған деген сезімімнің қалмағанын түсіндіруім керек. Сүйіктіме деген сезімімнің шынай екенін, оны қатты жақсы көретінімді түсіндіруім керек.
Бұл жағдайдың маған ешқандайда қатысы жоқ.