Бағаланбаған сезім!!!

Бағаланбаған сезім

 

Бағаламай сендегі мен сезімді,

Түсіне алмай сені және өзмді.

Қадіріңе сенің жеткен кезімде,

Алшақтықтың ызғары да сезілді.

Жырақтасын, айтылмаған сөз қалды,

Жүректегі сеңдер кештеу қозғалды.

Сен сүйгенде соқыр болдым неліктен,

Сан сұрақ кеп, санамды өртеп, қозғады.

Сен сүйерсің бәлкім қазір басқаны,

Екеумізге бұл Алланың жазғаны.

Сол басқа жан маған деген сезімнің,

Лаулап жанған жалын отын басады.

Алла бізге бір болуды жазбаған,

Сен жасадын махаббатқа сан қадам.

Кеш түсінген бұл сезімді сол қыздың,

Өзін болдын жүрек қылын қозғаған.

Енді мүмкін шырқалады басқа ән,

Басқа дүрсіл, басқа өмір, басқа мән.

Тілеймін мен жылап тұрып жүрекпен,

Бақытынды табуынды басқадан...

Қожағұлова Ақмарал



Бөлісу: