Әйел мен Сәттілік

Егер ер адам өзінің әйелің сыйламайтын болса, одан сәттілік алыстап, жүзін аударады деп айтады. Неге бұл осылай болады? Неліктен осындай пікір қалыптасып кетті?

Әйелдердің шығармашылық ойлау қабілеті ер адамдардыкінен көп есе күштірек, сондықтан әйелдің өзінің және күйеуінің тағдырына әсер ету қабілеті өте жоғары. Әйел қарым-қатынастан ләззат алған кезде, оның күйеунің алдында барлық есіктер ашылып, өмірі олжалы болады.

Бақытты және қанағаттандырылған күйде әйел шығармашылық ойлау қабілеті арқылы күйеуіне табысқа батасын беріп, оның өміріне қолайлы жағдайларды жақындатады. Сондықтан, әйел адам арқылы күйеуі ізгілік ағын, сәттілік пен гүлдену күштеріне батасын алады немесе жоюшы күші бар ағын ентелейді.

Осыған қоса әйел адам өмірдің нәзік салаларымен және энергия әлемімен тығыз байланысы бар, сондықтан оның ойы тез жүзеге асырылады. Әйел отбасы өмірімен қанағаттанбаса немесе күйеуімен өзін бақытты сезінбесе, оның ойдағы істерін жүзеге асыру және табысқа жету жолы өте қиын болады.

Егер әйел өз күйеуін құрметтемейтін болса - оны қоршаған адамдар да құрметтемейді. Бұл факті біз ерлі-зайыптылардың адамдардың алдындағы өзара қарым-қатынасынан оңай байқай аламыз. Мысалы, әйел өз күйеуі туралы тек жаман нәрселерді немесе оның кемшіліктері туралы айта берсе, оны ешкім құрметтемейді, өйткені ол туралы барлық ежгей-тегжейлерді біледі және де ең жақын адамы жары оны құрметтемейтін болса, басқа адамдарға да бұл керек емес.

Әйел күйеуін сүйетін кезде, ол шын жүрекпен жақсы көреді. Бұл ер адамның махабатынан ерекше, өйткені ер адамдардың махабаты өзімшіл болып табылады. Әйелдердің айқын сипаты ол сүйіктісін шын жүрекпен жақсы көреді және сол адамға өзінің өмірін толығымен арнау мүмкіндігі бар.

Неліктен данышпан ер адамдар әйелдеріне сыйлықтар үшін ақша аямайды? Неліктен олар жағымсыз жұмыс аулақ болуға және өздерін қуанышты әсерлермен қоршауға ұмтылады? Өйткені олар бүкіл отбасының гүлдену мен бақыт көзі - әйел екенін біледі.



Бөлісу: