Аңыз бойынша ...

Аңыз бойынша ...
жеке
блог
Мен құс болып жаратылғанымда ғой... 
Адамдар мені таспен атып қорласа ұшып кетіп, қайта айналып келмейтін едім.
Бірақ мен адаммын, кеткім келсе де қайта айналып келуіме тура келеді.
Мен құс болғанымда ғой...
Жалғыз ұшпайтын, сыңары өлсе ол да өмір сүруін тоқтататын еді...
Бірақ мен адаммын, сыңарым болмаса өмір сүруімді жалғастырамын, қиналамын, жылаймын бәрібір өмір сүремін.
Мен құс болғанымда.... Жоқ, бірақ мен адаммын....

 

Аққу-құс. Бақыт құсы. Махаббаттың символы. Сыңары өлсе, ол да өледі. Еш уақытта жалғыз ұшпайды. 

Сол үшін де адамдар оны әдемі сезімнің символы көреді. Жақсы көреді. Тиіспейді. 

Кейде елес болып өте шыққан бейненің қалдырып кететін ізі көпке дейін сақталады. Ол жазылғанға дейін уақыт қажет болады. Сол аралықта қиналып та, жылап та, күліп те үлгересің. Бірақ оны өзіңнен басқа ешкім де білмейді. Дә солай 3 жыл уақытым көңілсіз нотада жалғасып жатыр. 

Жалған күлкімен өмір сүресің. Үміттенесің. Сенесің. Алайда, бір-ақ сәтте бәрінің күл-талқаны шығып, быт-шыт болғанда есіңді жинап, сенің бос қиялмен өмір сүргеніңді түсінесің. 

Аңыз бойынша адам біреуді жақсы көреді. Оған сенеді. Бауыр басады. Бақытым деп қабылдап, жүрегінің төрінен орын береді. Жақсы көрген адам күлімдеп, үнемі бір қиялдың ішінде жүреді екен. Ол үшін өмір бр керемет, ертегідегідей көрінеді дейді. Керемет батыр, жоқты бар қылуға да күш-жігері жетеді екен. Ол болмаса, тау қопаруға да дайын екен. 

Бірақ, бұл-аңыз. Аңыз қашанда аңыз болып қалады. Ол ешуақытта шындыққа айналмайды. Енді мен үшін де махаббат, жақсы көру, сезім, ұнату-аңыз. Ол туралы ойлап не біреуге айтып қана отыруға болады. Сеніміңнің тапталып, үмітіңнің ақталмағанынан осы аңыз жақсы!

Және бір аңызда, адамдарда махаббат болғанда сенім деген дүние қатар жүреді екен. Олар оны аялап ұстайды дейді. Себебі, сенім болмаса барлығы бекер екен. Сыйластық деген ұғым да аса қастерлі-мыс. Менде бұл екеуінің жоғалғанына да 3 жыл асты. Сол жылдарда қалдырып кеткем. Енді ол қайтарылмайды. 

Егер біреу менің өміріме күн сәулесін түсіремін деп, көлеңкеде қалып кеткен сенімді, махаббатқа деген сенімді қайтарамын десе, сызып қойған шеңберімді бұзып кірсе- оған да бақыт құсы болып, бұлбұлдай тек бақыт әнін шырқауға барымды салар едім. 

Бірақ ол қиялымның да салтанат құруы екі талай ма деп қорқамын. Қорқынышым махаббатқа келгенде күшейіп кетеді. 

Жақсы көріңіздер, бақытты болыңыздар! Менде сендерді жақсы көруге тырысамын)))